k-popБасты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Корейлік актер Со Кан Джунды көрген Астана арулары эмоцияға беріліп, еңіреп жылады

Корейлік фильмдер мен телехикаялардың жұлдызы, актер және модель Со Кан Джун ЭКСПО көрмесінде Кореяның Ұлттық күнінде өнеріне табынушы жүздеген қызбен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

23 жастағы сұлу жігіт қыздарға қолтаңбасын таратты. Әзілдеп, сұрақтарға жауап берді, өнеріне табынушы қыздарға құшағын да айқара ашты, тіпті кейбір қыздар қуаныштан жылап та алды. Сүйікті актерін көріп, эмоцияға берілген қыздар сахнада тұрып еңіреп жылады.

Со Кан Джун Астанада өнеріне табынушы қазақстандықтармен кездесті
Со Кан Джун Астанада өнеріне табынушы қазақстандықтармен кездесті

Ұлттық күндер өтетін сахнаның алдында 300 орын болса, соның бәріне қыздар жайғасты. ЭКСПО көрмесіндегі нағыз әйелдер мерекесі бүгін болған сияқты.

«Маған көп адам келеді деп айтты, сондықтан кеше күні бойы дайындалдым. Сөйлейтін сөзімді жаздым, автограф-сессияға дайындалдым», — деді Со Кан Джун.

Сахнаға бірінен соң бірі көтерілген қыздар кумиріне сыйлық беріп, селфиге түсіп жатты. Кездесу бір сағатқа созылды. Осы уақытта жүзден астам қыз сүйікті актерінің қолтаңбасын алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Жүздеген қыз Со Кан Джунмен кездесуге келді
© SPUTNIK / КСЕНИЯ ВОРОНИНА
Жүздеген қыз Со Кан Джунмен кездесуге келді

Со Кан Джун оңтүстіккореялық Кёнгидо қаласында туған. Актер ретінде ол 2013 жылы «Мектептен кейін кездесеміз» деген алғашқы дорамаға түседі. Екі рет Korea Drama Awards кинопремясын иеленген. Тұңғыш рет сыйлықты 21 жасында алады.

23 жастағы актер 4 фильм мен 11 дорамаға түсіп үлгерген.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close