МузыкаӘнші

Меруерт Түсіпбаева ажырасқандарға ескерту жасады

Айғайға аттан қосудан жалықпайтын Меруерт Түсіпбаева ажырасқан өнер иелерінің қыз ұзату салтына араласуына қарсы екенін жасырмады.

«Бір ғана бала туған, ажырасқан әйел болғандықтан қанша танымал болсам да , қарсымын. Сүйкімді, сүйікті болсам да, халқыма рахмет. Бірақ ырымшыл, қазақ болғандықтан, ұзатуға барғада өнер адамдары сақ болу керек сияқты» дейді өнер иесі.
Түсіпбаеваның түсінігінше, адам ұзатылу тойына бармас бұрын оның болашағы туралы ойлану керек. Сонымен қатар, Меруерт ақша үшін ұсыныстан бас тартпайтын әнші әріптестерін де сынап тастады.
Нұрғиса есімді ұлын дүниеге әкеліп, жұбайымен жараса алмаған әнші осы уақытқа дейін бір ғана қызды ұзатқанын айтады. Онда да, өз туысқанының ұсынысымен сыңсу айтқан Түсіпбаева қыздың қолынан ұстамай, жеңгелеріне табыстағанын да жасырмады.

Загрузка…
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close