Жаңалықтаржоғары

Баян Мақсатқызының кітабы күніне 1000 данадан сатылуда

Баян Есентаеваның жақында жарық көрген кітабы күніне 1000 данадан сатылып жатыр. Бұл туралы танымал блогер, PR маманы Әлішер Елікбаев фейсбуктегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz.

Баянның кітабын Алматыда таныстырған Әлішер Елікбаев жаңа басылым күніне 1000 данамен сатылып жатқанын жазған.

«Менің достарым осыдан бір-екі жыл бұрын кітап шығарды. Кітап жарты жыл бойы Меломан/Марвин дүкендер желісінің ең көп сатылған басылымдарының көшін бастады. Алты ай ішінде бестселлер авторлары қанша кітап сатқанын білесіздер ме? Небәрі 800 дана…

Ал Баян кітабын 20 000 данамен шығарды»,- деп жазды ол.

Кітаптың 10 000 данасы қазақ тілінде, қалған жартысы орыс тілінде екен.

Қазақстан бойынша Баянның күніне 1000 кітабы сатылып жатыр. Егер кітап дәл осы қарқынмен сатыла берсе, онда үш күннен соң орыс тіліндегісі таусылып, кітапты қайта басып шығаруға тура келеді. Ал кітап болса, тек Алматы мен Астанада ғана таныстырылды. Кітаптың тұсаукесерін Шымкентте де өтізуді жоспарлаған едік. Ақтау мен Атырауға да баруға көндіріп жатырмын», — деп жазған ол парақшасында.

«Орыс тілінде 1000 кітап сатылса, қазақ тіліндегі кітаптың бар болғаны 68 данасы сатылады. Баянның көңілін түсіретін жалғыз ғана нәрсе осы», — дейді блогер.

 

Дереккөз: Baq.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

  1. Қазақ тіліндегі кітапты интернет дүкен арқылы сатып алуға болама?

  2. Қазақ тіліндегі кітаптарын Ақтауға алып келсін өтеді қазақылыққа жақын жер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close