InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Димаштың есімі жазылған микрочип Марсқа аттанды

Димаштың есімі жазылған микрочип 2021 жылы Марсқа жеткізіледі, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Димаштың әндері АҚШ радиостанцияларында тыңдала бастады. 28 мамырда алғаш трансляция жүріп, тыңдаушылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті. Мыңдаған америкалық Dears елдің түкпір-түкпірінен Димаштың әндерін тыңдады. Бүгінде Құрама штаттардағы жанкүйерлер Димаш әндерінің барлық аймақ эфирінен шығуына атсалысуда.

Ал Аргентинада тәулік бойы Димаштың әндері қосылатын радио ашылды. «La Era Dimash» деп аталатын радио 14 шілде күні Димаш пен оның жанкүйерлері үшін жұмысын бастады деп жазды Димашньюс сайтында.

Сүйінші жаңалықты айтуға асықпыз. Димаштың есімі Марсқа аттанды. 30 шілдеде америкалық астробиолог қызыл ғаламшардан тіршілік белгілерін іздеу үшін жеті айлық саяхатқа аттанды. Ал Димаш Құдайбергеннің аты жазылған отырғызу талонын АҚШ, Түркия, Ресей елдері ұсынған. Әншінің айтуынша, оның есімі жазылған микрочип 2021 жылы Марсқа жеткізіледі. Әлбетте, Димаштың желіде жариялаған мұндай қуанышты жаңалығына әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқырмандары да бек қуанышты.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close