ЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Нұрлан Абдуллиннің «тірегі» кім?

Әртіс Абдуллин 30 жылға жуық шығармашылығын қаржыландырған кәсіпкерлер жайлы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz порталы

Көптен бері көк жәшіктен көрінбей кеткен Нұрлан Абдуллин жанкүйерімен қайта қауышты. Онлайн форматта кеш өткізген өнер иесі студияға жалғыз келмеген, жанында жолдастары бар. Үш жігіттің таныстығы сонау студенттік шақтан бастау алған. Сол сәтте серілер бір-бірімен мәңгілік дос болуға серттеседі.

“Шын мәнінде бұның артында сені жақсы көріп, саған сенетін адамдар тұрады. Бұл сонау 90 жылдар болатын. Біз жолықтық, мүмкін солай жазылған шығар тағдырларымызға. Шын мәнінде үшеуміз де музыканы жақсы көрдік. Мен жалғыз келмедім, негізінде өзім-ақ келіп, әндерімді ған орындап кетсем де болушы еді. Мен форматты өзгертіп, өз достарыммен келейін деп шештім. Себебі бізде «квартирник». Ал бұл жігіттер менің жастық шағымнан бергі жолдастарым”, — дейді Нұрлан Абдуллин.  

Архитектор мамандығын тәмамдаған жігіттердің басын қосқан музыка деген шексіз махаббат көрінеді. Десе де өнер жолы «Азия даусында» бағы жанған Абдуллинге бұйырып, ал жолдастары оны қаржылай қолдауды құп көреді. Таныстыра кетейік, Нұрланның өмірлік достары Ерлан Стамбеков – бизнесте өз қолтаңбасын қалдырған меценат, ал грек досы Василий –жеке кәсіпкер.

Біз келісіп алғанбыз. Олар бизнеспенайналысады, ал мен ән айтамын. Себебі Муза оны көтере алмайды. Құдайға шүкір, достарымның бизнесі бар, — дейді әнші Абдуллин.

Соңғы жылдардажаңа әндер шығаруды ұмытқан сахна өкілініңбүгінде бар назары отбасына бұрылған. Әртістің мұндай қадамға баруына  ұлы түрткі болған көрінеді.

“Білесіздер ме, мынандай қалжың пайда болды. Карантиннің үшінші аптасында әйеліммен сөйлессем, өте жақсы адам екен дейді. Ал, шын мәнінде жасайтын жұмыстар көп. Былайша айтқанда, отыз жыл бойы анда-мұнда ұшып жүрдім, сосын бір күні ұлым айтты: «Папа, біз сізбен жаңа-жылды қашан бірге қарсы аламыз?» — деді. Ол кезде балам да 16-17 жасқа толған. Сол кезде барып түсіндім, — дейді әртіс Нұрлан.

Десе де өнер өкілі сахнамен біржолата қоштаспақ емес. Жанұясына бар уақытын арнаған әнші ара-тұра жаңа тректер жазып, алдағы уақытта репертуарын толықтыра түспек.

“Шын мәнінде, дәл қазір әсіресе ары-бері шапқылап жүретін шығармашылық адамдарға оңай емес, қазір бәрі тоқтап тұр. Десе де бұл нағыз шығармашылықты шыңдауға арналған уақыт. Бұйыртса бір емес бірнеше жақсы әндер жазамыз деген ойдамын. Хит деген сөзді қолдануға қорқамын, — дейді Нұрлан Абдуллин.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close