ЖаңалықтарКлассикаКлиптерМузыкаШоу бизнесӘн сөздері

Актер Болат Әбділманов Абайдың әндерін қорлағандарға жауап берді

Актер Абай әндеріне рұқсатсыз қол сұққандарға шүйлікті. Зарина Алтынбаева классикалық туындыларға тосқауыл қойған телеарналарға өкпелі ме? Толығырақ Shownews.kz тілшісі хабарлайды.

Аға буын актер Абайдың әндеріне бей-берекет қол сұғып, салмағын ортайтып  алған орындаушыларға  қатысты өкпе-ренішін жеткізді.

«Абайдың шығармасын орындауға әншінің құқығы болу керек. Диапазоны кең, кәсіби шеберлігі жоғары. «Бұл сөзімді талапты ұғар, тасыр ұқпас» дейді. Сондықтан ұлы ақынның әнін екінің бірі айта беруге болмайды, Абай ол үшін жазбаған», — дейді актер.

Әйтсе де, өнер иесі ақынның шығармаларын кәсіби әншілер әспеттесе қарсылық танытпайтынын, керісінше құрметпен қарайтыны қадап айтты. Мәселен, күні кеше Абай операсынан «Ажардың ариясына» арнап бейнебаян таспалаған Зарина Алтынбаеваның еңбегін ерекше бағалайды. Аталмыш клипте Болат Әбділманов Абайдың рөлін сомадаған.

«Біраз ұсыныстар болған, бірақ мен әншіні білмегеннен кейін көбіне келісімімді бермедім. Ал енді Заринаны кішкентайынан білемін. Өнерін бағалаймын, сол себепті Абайдың образын ойнап бердім»

2020-да ұлы ақынның 175 жылдығы кең  көлемде тойланбақ. Атаулы мерекенің қарсаңында өзге өнерпаздар да үлес қосуды назарынан тыс қалдырмақ емес.

«Біздің құралымыз театр. Сондықтан әкем театрда Абай қойылымы жүріп жатыр, мен Ажарды ойнаймын. Өнер иелері арасында өлеңдері, қара сөздері оқылады. Сондай-ақ, мен «Алашұлы» тобының продюсері болғандықтан Абай атамыздың 175 жылдығына міндетті түрде ән арнаймыз», — дейді актриса Назгүл Қарабалина.

Опера әншісі Зарина Алтынбаеваның айтуынша, «Ажардың ариясын» насихаттау жағы қиындық тудыруы бек мүмкін. Аталмыш клиптің айналымы отандық ән арналардың талабына сай келмей жатқан көрінеді.

«Бейнебаянымды қай каналға ұсынарымды білмеймін. Себебі, бұл туынды олардың форматына мүлдем жат. Шынымды айтсам, кім айналымға алатыны белгісіз. Ең бастысы клипті жарыққа шағардық. Сондықтан бізді халық қолдайды деп ойлаймын», — дейді Зарина Алтынбаева.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close