ЖаңалықтарКино & Театр

Леонардо Ди Каприо мен Бри Ларсон Critics’ Choice сыйлығымен марапатталды

20160118102811Леонардо Ди Каприо мен Бри Ларсон «Жансебіл» және «Комната» картиналарындағы рөлдері үшін АҚШ кино сыншыларының Critics’ Choice сыйлығын иеленді. Марапаттау рәсімін A&E телеарнасы тікелей эфирден көрсетті.

Бұл аталымға «Марсианин» фильміндегі рөлі үшін Мэтт Дэймон, Джонни Депп («Черная месса»), Эдди Редмэйн («Даниядан келген қыз»), «Стив Джобс» фильміндегі басты рөлді сомдаған Майкл Фассбендер мен «Трамбо» фильміндегі кейіпкерді бейнелеген Брайан Крэнстон қатысқан болатын.

Үздік актриса атағына Кэйт Бланшетт («Кэрол»), Дженнифер Лоуренс («Джой»), «45 жыл» картинасындағы Шарлотта Ремплинг, Сирша Ронан («Бруклин») және Шарлиз Терондар («Есуас Макс») ұсынылды. Алайда сыйлыққа «Комната» фильміндегі рөлі үшін Бри Ларсона лайықты деп танылды.

АҚШ (BFCA) кино сыншылар қауымдастығының 300 сыншы мүшесі бар. Ол марапат өнер қайраткерлеріне жыл сайын беріледі. BFCA АҚШ пен Канададағы ірі кино сыншылар қауымдастығы болып саналады.

ҚазАқпарат

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close