ЖаңалықтарӘнші

Бір топ оңтүстікқазақстандықтар «Ninety one» тобын қолдап, акция ұйымдастырды

Бір топ оңтүстікқазақстандықтар Ninety one тобын қолдайтындарын айтып, акция ұйымдастырды деп хабарлайды Nur.kz

Қоғам тарапынан үлкен пікірталас тудырған Ninety оne тобы төңірегіндегі дау әлі де толастар емес. Олар туралы түрлі жағымсыз пікірлер айтылып, тіпті Шымкенттегі концертіне қарсы шығып, оны болдырмауға тырысқандар да табылған. Заттыбек, Еркін Нұржан, Ринат Зайытов, Төреғали сынды қазақ шоу-бизнесінің өкілдері де оларға қарсы екендіктерін жасырмай айтқан.

Дегенмен, топтың жанашырлары олардың өнерін қолдап, оларды қазақ шоу-бизнесін шетелге танытып жүргенін айтқан болатын.

Желі қолданушысың бірі Facebook әлеуметтік желісінде видео жариялап, «Ninety One» тобын жастар ғана емес, жастағы кісілер де қолдап отырғанын «дәлелдеп» берді. Видеода әйел адам сөз алып, бұл топтың «артықшылықтарына» тоқталып, «кемшіліктерін» де түсіндіріп беруге тырысты.

https://youtu.be/zdwsiDaEkQo

Әйелдің айтуынша, бұл топқа тағылған сын орынсыз. Ислам тұрғысынан алғанда, олардың әрекеттерінің еш сөкеттігі жоқ деген пікірін білдірді ол.

«Осы жерге «Ninety One» тобының 25 жастан асқан тыңдармандары мен жанкүйерлері жиналып тұр. Мен сіздерге бұл топтың меннен де жасы үлкен тыңдармандары бар екеніне куәгерлік беремін», — деп ағынан жарылды ол.

Сонымен бірге, топ өкілдерінің шашын түрлі түске бояуы, сырғалар мен күміс жүзіктер тағуы мұсылмандыққа еш қайшы еместігін де алға тартты. Дала салты бойынша ата-бабаларымыз бен батырларымыз да сырға, күміс жүзіктер таққан деп ойын дәйектеді топ қолдаушысы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close