ЖаңалықтарСпорт

Самат Смақов өз карьерасын аяқтамақ

Қазақстанның ең үздік футболшыларының бірі, Ұлттық құраманың және «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Самат Смақов ұлттық құрамадағы өз карьерасын аяқтамақ. Әйгілі футболшы соңғы рет Ұлттық құраманың қатарында Румыния елінде ойнап, футболдағы карьерасымен қош айтыспақ.

Танымал футболшы кішігірім берген сұхбатында «Иә, мен карьерамды Румыния елінде соңғы рет ойнап, аяқтамақпын. Бірақ қазір ештеңе айтқым келмейді»-дейді футболшы.

37 жастағы Самат Смақов Ұлттық құрамада алғаш рет 2000 жылы ойнап бастаған, ол осы уақытқа дейін 74 гол соққан. Смақов 2011 жылы Ұлттық құрамадағы карьерамды аяқтаймын деген, дегенмен де 3 жылдан кейін құрамаға қайтып келген болатын.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close