ЖаңалықтарӘнші

Ресейдегі «Балалар дауысы» жобасында қазақстандық ІІІ орын алды

9 жастағы алматылық Алина Сансызбай танымал ресейлік «Балалар даусы» байқауында үшінші орын алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Финалда Алина үш ән орындады. Солардың бірі — Полина Гагаринаның репертуарындағы «Шагай» әні.

Кейін Алина командасындағы тағы екі қызбен қосылып, Нюшаның хиті әні «Выбирать чудоны» орындап шықты.

Осыдан кейін көрермендер тікелей эфирде Нюшаның командасындағы үш қызға дауыс берді. Нәтижесінде Алина 42,7% дауыс жинап, финалдың екінші кезеңіне өтеді.

Ақтық сында қазақстандық қыз Уитни Хьюстонның Queen of the Night әнін орындап, үшінші орынды жеңіп алады.

Айта кетейік, алматылық талантты Алина Сансызбай ресейлік «Балалар даусы» байқауының финалына өткені сәуір айында белгілі болған. Соқыр тыңдалым кезінде Алина ерекше даусымен қазыларды таңғалдырып, Нюшаның тобына қосылған.

Байқаудың бас жүлдесін Елизавета Качурак жеңіп алды.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close