Жаңалықтар

World Dombyra Festival — домбыра күніне сыйлық. Димашқа күй арнаған кім?

Шетелдегі бауырларымыз Ұлттық домбыра күніне орай World Dombyra Festival атты жоба ұйымдастырды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра. Шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Иә, шоуньюстің жаңа  маусымдағы жаңа шығарылымын қазақ музыкасының негізі — домбыраға арнауды жөн көрдік. Бүкіл ел боп жиналып, дүбірлі мереке өткізуге мүмкіндік болмаса да, жырақта жүрген бауырларымыз ұлық мерекені елеусіз қалдырмады бұл жолы. QazAlliance шетелдегі қазақстандықтар бірлестігі World Dombyra Festival атты әлемдік жоба ұйымдастырды. 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткен шараға әлемнің 25 елі мен 36 қаласынан қазақстандықтар мен этникалық қазақтар ат салысты. Ауқымды фестиваль аясында домбыра шеберлері күй шертіп, түсірілім жасаған. Арнайы бейнебаян да Ютуб арнасынан көрермендер назарына ұсынылды.

Қатысушыларға қойылған негізгі талап – домбыра мен қазақтың ұлттық киімінің болуы және кәсіби камераның көмегімен түсірілім жасау. Кәсіби оператор, фотограф, модельдер атсалыстқан жоба аясында әр қалада тұтас команда қалыптасты. Түркия, Англия, Канада, Сингапур секілді елдер ең ауқымды әрі әсерлі түсірілім жасапты. Әлемнің әр бұрышынан жиналса да, бейнебаянның сапасы жоғары, режиссерлік идеясы жарасымды.

«Біздің мақсатымыз – шет елдерде Қазақстанның имиджін танытып, ұлттық құндылықтарын дәріптеу. Біз шетелдіктердің домбыраның не екенін білгенін қалаймыз. Әлемнің әр бұрышында домбыраның үні шыққанын мақсат тұтамыз», — дейді жоба режиссеріТимур Сырымдатұлы.

Ең қызығы, бұл көлемді бейнебаянда Димаш Құдайбергеновке арналған «Димаш-Байжұма» күйін тыңдай аласыздар. Алтай Республикасынан қатысқан күйші Жанайдар Нұрсалиев аталмыш фестиваль аясында өз туындысының тұсауын кесті.

Елордамыз Нұр-Сұлтан 22 жасқа толды! Жыл сайын ерекше тойланатын мереке биыл өзгеше сипатта өтті. Елдегі жағдайға байланысты мерекені атап өтуге ешкімнің зауқы да соқпады. Десе де, концерттік бағдарламалар әдеттегідей, арналардан көрсетілді.

Елорда мен Елбасының туған күнін атап өтуге қатысты жұлдыздар да өз пікірлерін білдірді. Бірі қуанып, құттықтады, ал бір тобы орынсыз деп ойын жасырмады. Жанболаттың Жазирасы болашаққа алаңдайтынын жеткізсе, Қайраттың Жұлдызы «нағыз той – індеттен құтылу» деп амандық тіледі. Тоқтаңыз, жолдасының төрт баламен түсірілімде жүргені, мына жазбасына сәйкес келмейтін сияқты ма, қалай?

Не десе де, мереке еленбей қалмады. Кешью бикештері бұл жолы үйде отырып-ақ жаңа бейнебаян шығарса, Салтанат Бақаева бастаған театр актерлері де елордаға ән арнады.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close