жоғарыТелерадио

Жанерке Елшін: «анам маған шымкенттіктерге жолама деген»

«Қалаулым» шоуы арқылы танылған Мәди мен Жанерге Nur.kz сайтына сұхбат беріп, не себепті айрылысқандарын түсіндірді.

Мәди: Жанеркені жақын тартатыным рас. Бірақ арамызда үлкен махаббат болған жоқ. Болашақта алдымызда не күтіп тұрғаны бір Аллаға аян. Біздің қош айтысқан себебімізді жұрт біледі: ата-анамыз қарсы болды. Сол кісілерді сыйлап, айтқанын тыңдадық. Мен ата-әжемнің қолында тәрбиеленгендіктен, олардың сөзінен аттап өте алмаймын. Маған әжем Жанеркені «солтүстіктің қызы басқаша болады, салт-дәстүрі бізден бөлек, екіншіден, оның екі жас үлкендігі бар» деп қарсылығын білдірді.

Жанерке: Менің де ата-анам қарсы болды. Алматыға оқуға аттанарда анам маған шымкенттіктерге жоламауымды қатты тапсырды. «Қиын болады, бізге бәрібір, өмір өзіңдікі. Ертең дәм-тұздарың жараспай, бір-біріңмен келісе алмауларың мүмкін. Оңтүстіктің сен білмейтін дүниелері көп, саған жат көрінуі ғажап емес. Оның бәрі ашуыңды келтіруі мүмкін. Ол отбасының шайқалуына әкеп соғады. Сондықтан да сақтансаң, құдай сақтайды», — деген еді. Бұл Мәди екеуміздің ойлана келе қабылдаған ортақ шешіміміз болды.











			
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close