Жаңалықтар

Zikroove: Қазақ тіліне деген қызығушылығым Q-popты тыңдаудан басталды.

Жұлдыздар Әлемі порталы бұл жолы қазақ тілін 1 айдың ішінде үйреніп алған өзін қазақша «Ерасыл» — деп атайтын кореялық видеоблогерден эксклюзивті сұхбат алды. 

Зикрув, сізден сұхбат алып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Өзіңізді қазақша «Ерасыл» — деп атайсыз екен, неге Ерасыл? Қазақта жігіттерге арналған есімдер көп қой.

Менің шын есімім — Минсеок Джи. «Мин» — саф, жарқын дегенді білдіреді, ал «Сеок» — асыл, гауһар деген мағына береді. Сондықтан корейлік есімім «қымбат, асыл» — дегенді білдіреді. Мен жақында өзімді қазақша «Ерасыл» — деп атадым, барлығы сіз секілді неге “Ерасыл” – деп сұрап жатыр. Білмеймін, бұл есім өзіме ұнады, кореялық есімге ұқсайтын секілді сондықтан солай атадым. Ал ютуб желісінде мен өзімде “Zikroove” – деймін. “Zi” – деген менің тегіме ұқсас, ал “Kroove” музыкалық пауз дегенді білдіреді. Мен музыкаға жақын контент жасағым келгеннен кейін, осылай жасадым.

Музыка демекші, қазақ музыкасына деген қызығушылық неден немесе кімнен басталды?

Q-pop жанры яғни қазақ музыкасы мені қатты қызықтырды. Ютуб желісінде түрлі видеолар отырған кезде Толқын деген қыздың ютуб арнасын көріп, сол қыздың арнасынан “Q-pop”әншілерінің түрлі видеоларын көріп, содан қазақ әуеніне қызыға бастадым. Сол Q-popтың арқасында қазақ тіліне деген қызығушылық басталды.

Ерасыл өзіңізге ұнайтын 5 әншіні айтып бере аласыз ба?

Мен Американың әншілерін тыңдағанды қатты жақсы көремін. Менің сүйікті 5 әншім олар: Майкл Джексон, Бруно Марс, Бритни Спирс, Джесси Джей және Джейсон Деруло.

Қазақстанда Q-pop Ал Оңтүстік Кореяда K-pop. Кореялық тыңдарман ретінде осы екі жанрдың айырмашылығы бар ма? Қалай ойлайсыз?

Негізі K-pop пен Q-pop-тың ұқсайтын да, ұқсамайтын да жерлері бар. Q-pop біздің K-pop-қа ұқсайды, бірақ қазақстандық поп өздерінің музыкалық трендін әрі өздерінің дәстүрін сақтап қалған. Сондықтанда Q-popты K-pop стиліне қатты ұқсайды деп айта алмаймын.

Кореяда наурыз мейрамы өтті, ол жерде сізде болдыңыз. Бұл мереке сізге ұнады ма? Біздің ұлттық тағамдар сіздің көңіліңізден шықты ма?

Өз басым әлі Қазақстанда болған жоқпын, келесі ай сіздерге қонаққа барамын. Ал Кореяда өткен наурыз өте ерекше өтті. Ұлттық тағамдар да, әндерде барлығы да ұнады. Қазақстанға барған кезде ұлттық тағамдардың дәмін жақсылап дәмін көргім келеді.

Q-popты айттық, ал енді K-popты айтайық. Менің өзіме Кореядан тек қана Эйли ұнайды, одан басқа ешкімді тыңдамайды екенмін. Маған қандай әншілерді тыңдауға кеңес берер едіңіз?

Эйли маған да ұнайды, расымен де дарынды әнші. Кореяда дарынды, танымал әрі талантты әншілер көп. Сізге Рэйн, Боа, Биг бэнг және TVXQ топтарын тыңдауға кеңес беремін.

Ерасыл, сұхбатыңызға көп рақмет. Сізді Қазақстанда асыға күтеміз!

Сұxбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

3 пікір

  1. Керемет. Джи мин сокты асыға күтетін боламын. Кәріс болғасын таңғалдырмай қоймады шыны керек. Және де ютуб желісінде де зикрувты көрген болатынмын. Қазақ әртістеріне реакция түсірген болатын.

  2. Бұл жігіт маған қатты ұнады:-D. Сондай сүйкімді. Біз кореяга қызықсақ тілдерін, салт дәстүрін үйренсек тағамдарына да қызықсақ оларда тура солай бізге қызығады екен. Аййй сондай керемет. Кореялықтарды одан сайын жақсы көре бастадым!!! ХАНГУК САРАНХЭ!!!…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close