Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрСұхбаттарТелерадиоШоумен & Тұлға

Шер Әлі, актёр: Негізгі мамандығым әнші

bMlbk7oxJEI

Шерәлі,сен біздің порталға бірінші рет сұхбат беріп отырғандықтан,туған жер,өскен ортаң туралы айта өтсең?

Шымкент қаласында дүниеге келдім,1991 жылғымын.Алматыға 2008 жылы көшіп келдім,2009 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түстім,мамандығым эстрадалық вокал.Актерлық білімім жоқ.

Актерлық білімім жоқ дейсің,онда кино әлеміне қалай келдің?

Естуіңіз болса «Сиви» деген дуэтте ән айттым,сол кезде «Я тебя люблю» деген әнімізге бейнебаян түсірдік,сол бейнебаян шыққаннан кейін мені сериалдарға шақыра бастады.«Көркем фильм» киностудиясындағы,Рашид Сүлейменов 2012 жылы «Достар» деген телехикая түсірді,сол жерге алғашқы рет шақырту алдым.Сол сериал шыққаннан кейін жан жақа шақыртулар түсе бастады, «Олимп шыңы», «Сырғалым», «Сырғалым 2», «Қыздар», «Бақытыма сенемін», т.б телесериалдарда басты рөлді сомдадым.Қазіргі таңда «Аяулы арман» телехикаясына түсіп жатырмын.

Өнерге бала кезіңізден жақын болдыңыз ба?

Иә,өнерге бала кезімнен жақын болым.Шымкент қаласындағы музыкалық мектепте 3 сыныптан бастап оқыдым.Бала кезімде түсірген екі-үш бейнебаяным бар.

5Ad0YZSygb0

Байқауымша түскен сериалдарыңда байдың баласы болып ойнайсың,оған не себеп,әлде түр-келбетің соған келеді ме?

Мүмкін,дұрыс айтасың түр-әлпетім солай шығар.Режиссерлардың көзқарасы солай шығар маған деген.Бірақ,өмірде ондай адам емеспін,қарапайым отбасынан шыққанмын.

Түсірілім барысында қызықты оқиға жиі орын алады,соның бірін айтып берсең.

Қызықты оқиғалар өте көп.Соның соңғысы және ең қызықтысын айтып берейін. «Бақытыма сенемін» , телесериалында бізде бір сахна болды,көптен көрмеген бір досыммен амандасу керек болды,ол көлігінен түсіп келе жатады,менде көлігіменен түсіп қол алысып амандасуымыз керек,қол алысып жатқанда мен саусағымды шығарып алдым.

Алдағы жоспарың қандай, «Аяулы арманан» кейін не істейсің,тағы шақыртулар түсіп жатырма?

Иә,шақыртулар түсіп жатыр екі-үш киноға,төрт-бес сериалдарға шақырып жатыр.Алдағы уақытта көреміз,біреуіне түсерміз

BAPBfWtykHQ

Продюсер немесе режиссер болатын ойың барма?

Әзірге жоқ.Жан жақты болған дұрыс.Өзім тек осы бір саланы ұстағым келеді.

Көпшілік қыздардың жүрегін дір еткізер сұрақ,жеке басыңа оралсақ.

Жеке басым бос,бойдақпын (күліп).

Думан Гульбаршын

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close