Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

«Дос-Мұқасан» ансамблінің белді мүшесі қайтыс болды

Әйгілі «Дос-Мұқасан» вокалды аспаптық ансамблінің іргетасын қалаған музыкант көз жұмды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Қайғылы хабарды «Дос-Мұқасан» ұжымының инстаграмдағы ресми парақшасы жеткізді.

«Ансамблдің негізін қалаушылардың бірі, өте ақкөңіл азамат Хамит Санбаев өмірден өтті. Орны толмас қаза. Мұндай адамдар туралы «Сенімен бір дәурен де кетті. Артынан көп нәрсе қалдырып кетті», деп айтып жатады. Хамит мәңгі біздің жүрегімізде! Әрдайым ол үшін дұғада боламыз. Иманды болсын», делінген топтың әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Дос-Мұқасан» — 1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының (қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған.

«Жігіттердің алғашқыда гитара ұстап, ән шырқап, белсенділік танытқан кезден бастапақ, ойыма ГДРдағы күндерім елестеді. Қайткен күнде де, елдің атын шығарар, жастарымыздың жанын рухтандыратын бір эстрадалық ансамбль ұйымдастырсам деген арман бойымды билеп алды. Солардың қатарына орын алып, білгенімді үйреттім, өзім де солардан үйрендім. Оның үстіне мен сол кездерде Еуропада дүркіреп аты шыққан «Битлз» эстрадалық ансамблінің орындауындағы әндер жазылған күйтабақ алып келген едім», — деген екен Хамит Санбаев «Дос-Мұқасан» тобының құрылуы жайында.

Shownews.kz ақпараттық порталының атынан Хамит Санбаевтың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close