InstaNewsЖаңалықтарШоу бизнес

Сүйінші! Нұржан Керменбаев үшінші мәрте әке атанбақ

Нұржан Керменбаевтың жанұясында жағым жаңалық. Әнші кезекті мәрте әке атанатыны жайлы жариялады, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Нұржан Керменбаев соңғы постында көпшілікке сүйінші хабарын жеткізді. Әйелімен түскен суретін желіге жүктеген Қапкарашка, үшінші сәбиді күтіп жүргенін астарлап жеткізді. Су жаңа фотода қара баланың жұбайы жүкті екені байқалады.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына бірден ортақтаса кеткен. Оқырмандары әншінің жағымды жаңалығына жарыса құттықтап, жұбайының жеңіл босануын тілеп жатыр.
«Аман есен бөпелеріңізді құшақтарыңызға алыңыздар», «Тіл көзден сақтасын Аллам», «МашАлла, аман есен аяқ-қолын бауырына алсын, келіншегіңіз екеуін бакытты болыныздар, ИншАлла», «Құрдас құттықтаймын. Аллам саналы, салиқалы, иманды, дені сау перзент нәсіп етсін», «Құттықтаймын! Безумно рада за Вас! Аллах тіл-көзден сақтасын! Саналы ұрпақ нәсіп етсін!», «Анасы сияқты сұлу қыз дүниеге келсін», — деді әншінің оқырмандары.
Айта кетейік, Керменбаев осыдан 4 жыл бұрын Тараздың тумасы Назерке есімді арумен отау құрған еді. Бүгінгі таңда ерлі-зайыптылар Мүсілім және Омар есімді екі ұлды өсіріп отыр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close