10 дерекБасты жаңалықтарКино & ТеатрПродюсер

Тәуекел Мүсілім ең үздік фильмдер тізімін жариялады

Карантин кезінде киногерлер қауымы жаңа челлендж бастады. Үй жағдайында тамашалауға болатын үздік кинотуындыларды Shownews.kz ақпараттық порталынан біле аласыздар

«Сәлем, менің есімім Ерлан, мен үйдемін. Осы уақытқа дейін көп фильм көрдім, қазір сіздермен үйде отырып тамашалауға болатын ең үздік бес фильмен бөлісейін»,- дейді Ерлан Бухарбаев.

Дәл осылай жаңа челленджді бастаған киноиндустрия өкілдері де әншілер қауымынан қалысар емес.

 Бәріңе сәлем! #Кинокарантин эстафетасын Ерланнан қабыл алдым.Менің сүйікті бес фильмім: «Самый пьянный округ вмире», «Форрест Гамп», «Список Шиндлера», «Любовь и голуби», «Сука любовь»! Картиналар көп! Бірақ, дәл қазір есіме түскені осылар!”, — дейді актер Жандос Айбасов.

Бұл Жандос Айбасовтың көңіліне жаққан туындылардың бестігі. Еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты отандық режиссерлер мен актерлар ұжымы өздері ең үздік деп таныған фильмдердің тізімін әлеуметтік желігежарыса жариялауда. Мәселен, Нұртас Адамбай жанына жақын картиналарды төмендегідей топтастырған.

Достар, «кинокарантин» деп аталатын челленжге қатысуды ұйғардым. Ереже бойынша сүйікті бес фильммен бөлісу керексіз. Сонымен, менің үздіктерім: «Форрест Гамп», «Храброе сердце», «Список Шиндлера», «Крестный отец», «Социальная сеть»”, — дейді кинопродюсер Нұртас Адамбай.

Иә,комедияларды таспалауды жаны сүйетін продюсердің фильм қараудағы талғамы тым бөлек. Шындығында Нұртаскүлкілі киноларды емес, әскери туындылар мен драма жанрын таңдаған. Сонымен қатар, танымал актер Тәуекел де бұл эстафетадан тыс қалмады.

“Челлендждге байланысты тізім, есіме түскендері «Дневник памяти», «Зеленая миля», «Бригада» осы киноларды міндетті түрде көріңіздер”, — дейді актер Тәуекел Мүсілім.

Отандық шоу-бизнестің серісі махабббат пен романтикаға толы туындыларды жиі тамашалайтын көрінеді. Ал, Мүсілімнің әріптесі Фархад Абдраимов аталған челленджді балаларға бағыттады. Актер мектеп кезінде оқыған кітаптарын еске түсіріп, үздік деп таныған үштігімен бөлісті. “Бала кезімегі кітаптар тізімімен бөліскім келіп отыр. Бұл Александр Дюмның «Үш ноян» атты кітап, ол әлі де менде сақтаулы. Ол кезде бізде телефон, гаджет дегендер болған жоқ. Болады деп те ойламадық, сондықтан кітап оқыдық. Менің кітапханамда 46 жыл бойы сақталыпты. Кітапты көбірек оқыңыздар, бұл өте қызық. Повесть «Хадже Насириддин» мен « Генри жайлы» повестін оқысаңыздар болады, — дейді актер Фархад Абдраимов.

Иә, киногерлер жариялаған тізім осы. Қолыңыз қалт етсе кітап оқыңыз, одан қалса актерлар қауымы көруге кеңес берген фильмдерді де тамашалауды ұмытпағайсыз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close