Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Гүлзира Айдарбекова архивтегі естеліктерімен бөлісті

Қайрат Нұртастың продюсері әрі анасы —  Гүлзира Айдарбекова өзінің инстаграм парақшасында өткенге шолу жасады. Айдарбековтар отбасының енді құпиясы жоқ. Он жыл көлемінде жасырған келінімен де, жаңадан түскен келінімен де енді тек мақтануда.

Қайраттың өзі айтпақшы “жақында күміс той”. Қайрат пен Жұлдыздың отау құрып, шаңырақ көтергеніне 10 жыл болса да, тойлары мен өмірі жайлы бөліскен емес. Бірақ, журналистер үшін ол қиын дүние болмаған,  2007 жылы дүбірлеп өткен тойлары біраз журналдардың мұқабасында жүрді.

Енді құпия сақтамайтын Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінінің тойында құда-құдағиымен, яғни Жұлдыздың ата-анасымен түскен суретті көрсетіп, құдағиымен жеке сурет жариялап, екеуінің достығы жайлы айтып кетті.

“Қайрат пен Жұлдыздың үйлену тойында, құда-құдағиымыз яғни Жұлдыздың ата-анасымен тәтті торттан жеп, өмірлері торттай тәтті болсын деп тұрғанымыз ғой. Лайым солай болсын!” – деп ақ тілегін білдірді жұлдызды продюсер, жұлдызды ана инста-парақшасында.

Ал ең қызық сурет, үйдегі архивтегі сурет болды. Пікірлер арасында жаңа жұлдыз, Гүлзира ханымның тұңғыш келіні — Жұлдыз да пікір қалдыра кетіпті: «Мынадай суреттің барын ұмытып кетіппін. Бірақ қай жылы екені есімде, 2005 жыл. Жаз». 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close