Басты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаСараптамаларШоу бизнесӘнші

Мәди Рымбаев сүйіктісін көрсетті

Күні кеше Мәди Рымбаев тың бейнебаянының тұсауын кесті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Қос ғашықтың тәтті сезімге толы күндері мен өкпе-реніші суреттелетін туынды «Сөнбес» деп аталады. Аталмыш клипте әншінің ғашығын жас актриса Зухра Сайпи сомдаған. Өнер иесі бұл әнге бар күш-жігерін салғанын айтады.

«Ән жазатын, маған көмектесетін достарым көп. Бірақ дәл осы туындының көбін өзім шығаруға тырыстым. Аранжировкасын да түгел өз қолыммен, ешбір көмексіз шамам жеткенше жаздым», — дейді Мәди Рымбаев.

Мәди жеке шығармашылығын мықтап қолға алған сыңайлы. Өткен жылы Рымбаевтың «Сол үшін» атты альбомы жарық көрсе, міне енді жаңа клипін жұрт назарына ұсынды. Тынбай тер төккен кенженің еңбекқорлығына Оқаповтар отбасы да дән риза.

«Мәди қазір композитор, өңдеуші. Әнін өзі жазып, өңдеп, барлық продакшнын атқарып жүрген жігіт. Ол заманауи музыкаға менен де артық жақын», — дейді Әли Оқапов.

«Менің балаларым кәсіби музыканттар. Олар туғаннан музыкамен етене араласты. Білімдері де өте жоғары. Ал енді актерлық шеберлігі, дауыс ырғағы өсе келе әлі қалыптасады. Себебі олар жаңа бастап жүрген әншілер», — дейді Роза Рымбаева.

Мәдидің тың туындысы тыңдарманның оң бағасын алып үлгерген. YouTube желісіне жүктелген бейнебаян бір күн ішінде жүз мыңға жуық қаралым жинапты.

«Неткен әсерлі ән!», «Керемет бейнебаян. Өте жылы атмосфера. Мәди мен Зухра сезімді жеткізе білді», — деп жазған әлеуметтік желідегілер.

«Енді барлығыңыздан қолдау күтемін», — деді Мәди.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close