Басты жаңалықтарЖаңалықтарРепортаждарСауалнамаШоу бизнесӘнші

«Бағаны өсіреміз!» Зарина Омарова наурыз мейрамында қаламақысын қымбаттатпақ

Жаңа жылдық кештерге шақырту алса, қаламақасын екі есеге өсіретін шоу-бизнес өкілдері наурыз мейрамының қарсаңында да әдеттегі үрдістен жаңылмауға бекінген, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Биыл ұлыстың ұлы күні тойыңызда ән шырқап, мерекелік жиынды жұлдыздарымен өткізгіңіз келсе, қалтаңыздан қомақты қаржы шығаруға әзір болғаныңыз абзал! Тойыңыздың көркін қыздыратын, құдағиларды тікесінен тік тұрғызатын Кентал, мейрамға тас-түйін дайын. Әнші жігіт үшін бұл науқан табысқа кенелудің таптырмас көзі көрінеді.

«Негізі әншілердің мереке жақындап қалған кезде бағасы өсетіні рас. Себебі сұранысқа байланысты. Сұраныс болса, баға да өседі», – дейді әнші Кентал.

Күн мен түннің теңелгенін тағатсыздана тосып,  алақанын ысқылап отырғандардың санатында Омарова да бар. Зарина мемлекеттік мейрамдарда гонорардың құны аспандайтынын жақсы біледі. Сондықтан болар, наурыз айының 20-нан кейін бұл бикештің ән айту бағасы біршама көтеріледі.

«Ұсыныстар өте көп түсіп жатыр. Мейрамдарға қарсы кішкене гонарарды өсіреміз енді. Бірақ енді былай көп деп айта алмаймын. Шамалы өсіремін. (күледі) Айтпай-ақ қояйын мынша деп. Ол дұрыс емес. Сұраныс көп болады ғой мейрам кезінде. Сондықтан кішкене өсіреміз», – дейді әнші Зарина Омарова.

Әйгілі Омаровтың «Наурыз» туралы туындысы, құдды бір аталмыш мейрамның әнұраны іспеттес! Ұлттық мереке күні қалтасы қалыңдап, несібесі артатынын танымал композитор да жоққа шығармайды!

«Әрине, ана туралы, әке туралы әндер бар. Үлкен салиқалы азаматтардың мазмұнды әндер естігісі келсе, мені шақырады. Міндетті түрде 22 наурыз болсын, сегізінші наурыз болсын, жаңа жыл болсын, қай мереке болсын шақырып, бізді қажет етіп отырған азаматтар бар. Былай қарағанда қатып қалған гонарар жоқ. Өйткені, достар, туыстар немесе жағдайы жоқ жандар болады», – дейді сазгер Марат Омаров.

Десек те, жұлдыздардың бірнеше ай бұрын құрған жоспарын коронавирус күрт өзгертті. Мемлекет басшысының бұйрығына байланысты, елімізде ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы мерекелік кештер мен той томалақтарды атап өтуге толықтай тыйым салынды. Сондай-ақ, жаһанды жайлаған індет жанұялық жиындармен қатар, ауқымды аудиторияны алдында ән салатын әншілердің де жеке концертіне кері әсерін тигізбей қоймады. Мәселен, Димаштың «Арнау» атты әлемдік турнесі уақытша тоқтады. Тосыннан кейінге шегерілген шығармашылық кештердің легі мұнымен шектелмейді. Таяуда Қайрат Нұртас та 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан шаһарында өтетін голографиялық форматтағы шоуының болмайтынын әлеуметтік желіде жазған еді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close