Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Жұлдызды жұп Арман мен Ашаның қызының тұсауын Сәкен Майғазиев кесті

Тележүргізуші, әнші, актриса Аша Матай мен «Mysterions» тобының әншісі Арман Қоңырбаев шаңырақ көтерген жылдары жылдың ең үздік жұбы аталып, көптеген көрермендер қос ғашықтардың махаббатына тамсанушы еді. Бір жылдан соң жұлдызды жұп қызды болғанын хабарлап, сүйінші сұрады. Қыздарының есімін Асылым деп атап, жас ата-ана жұмыстарына көп ұзама кірісіп кетті. Дегенмен, қыздарын көпшіліктің көзінен тасада ұстап, ғаламторға суретін жарияласа бетін түрлі смайликтермен жауып жүрді.

Ашаның өзі де қызына қызығушылық білдірген оқырмандарына, тәттілерін тұсау кесер тойынан кейін көрсетеміз деп уәде еткен еді. Міне, кеш сол күн жетіп, Асылым Арманқызының тұсау кесу дәстүріне арналған үлкен той өтті. Тойда жұптың өмірдегі және өнердегі жақын достары, туыстары болды.

Той несімен ерекшеленді? Той тізгінін әнші, компазитор — Арман Дүйсенов ұстады. Асылымды ортаға алып шығу рәсімі үш бірдей өнер иесіне жүктеліпті. Олар:  әсем әнімен, үні де, өзі де нәзік —  Жазира Байырбекова бүлдіршіннің бір қолынан ұстаса, екінші қолынан 5 баланың анасы, жақында ғана өзі де Аяла есімді бөпенің анасы атанған — Қарақат Әбілдина жетектеп шықты. Ал негізгі міндет, яғни Асылымның тұсауын кесу рәсімін әнші —  Сәкен Майғазиевке атқарып, кішкентай ғана Асылымның тұсауын кесіп, батасын беріп, «Сәкен балалармен» коллекциясын тағы бір тәттімен толықтырды.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close