Басты жаңалықтарКино & Театр

Голливуд туралы не білеміз?

  1. 1923 жылы ойлап табылған Голливуд белгісі алғашында әлемдік армандар фабрикасы мағынасынан мүлде басқа мақсатта, Лос-Анджелестың тұрғындар қалашығының жарнамасы ретінде орнатылған. Ал әріптер саны бірнешеге көп, яғни HOLLYWOODLAND болған. Жоспар бойынша бұл маңдайша бір жарым жылдан соң шешілуі керек еді, алайда киноиндустрияның сол ауданда қарқынды дамуының нәтижесінде белгіні қалдыруды жөн көрген. пег энтуисл
  2. Британиялық актриса Пег Энтуисл Голливудтты бағындыра алмағандығынан, Голливуд белгісінің «Н» әріпінен секіріп, көз жұмды. oskar
  3. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Оскар жүлдесі гипстен дайындалған.
  4. Уақыт өте Hollywood белгісіндегі әріптер құлай бастаған. Қайта қалпына келтіру үшін 1978 жылы «Плейбой» журналының негізін салушы Хью Хефнер әріптер аукционын ұйымдастырған. Бұл аукцион үш айға жуық өткізілген. Нәтижесінде, америкалық рок-музыкант Эллис Купер «О» әріпін қалыпына келтіруге демеушілік етсе, Джин Отри мен Пол Уильямс «L» және «W» әріптерін қалпына келтіруге демеуші болған. stars
  5. «Даңқтар аллеясының» алғашқы жұлдызы 1960 жылдың 9 ақпанында қойылды. Ол Джон Вудвардқа тиесілі.
  6. Жұлдыздар киномотеграфия саласындағы еңбегі үшін (кинокамера эмблемасы), дыбыс өңдеудегі еңбегі үшін (фонограф эмблемасы), театр саласына үлесі үшін (театрлық маска эмблемасы) және радио саласындағы еңбегі үшін (радиомикрофон эмблемасы) беріледі. Даңқтар аллеясында 2600-ға жуық жұлдыздар бар. Осы уақытқа дейін Кирк Дуглас, Джеймс Стюарт, Джин Отри және Грегори Пектың жұлдыздары ұрланған. Жұлдыздар тек адамдарға емес, Микки Маус сияқты мультипликация кейіпкерлеріне, ғимараттар мен компанияларға да табысталады. Сондай-ақ аллеяда бос жұлдыздарды кездестіруге болады.mr mouse
  7. Джин Отри жұлдызыңда барлық бес эмблеманы иемденген жалғыз өнер қайраткері болып табылады.
  8. 2001 жылдың қарашасында Голливуд төрінде 3000 көрермендік залы бар «Кодак» театры ашылды. Бұл театр Американдық кино академиясының «Оскар» жүлдесінің марапатталуының тұрақты орнына айналды.cemetery
  9. Голливудта киноны барлық жерде: стендтерде, күркелерде, үлкен экрандарда, тіпті зираттарда да көрсетеді. Голливудта Hollywood Forever Cemetery атты жұлдыздар зираты бар. Бұл жерде Мел Бланк, Сесил Б. Демилль, Багси Сигел сынды киноматеграфия өкілдерінің соңғы қоныстарын тапқан. Кинофильмдер 2002 жылғы жазғы «Cinespia» кинофорумы көлемінде зиратта көрсетілді.  Фильмдерді Голливудтың аңыз адамына арналған әйгілі Рудольфо Валентиноның кесенесіне проектрмен түсіру арқылы көрсетеді.
  10. «Голливудтық күлкі» терминың француз стомотологы Чарльз Пинкус өткен ғасырдың 30 жылдары ойлап тапқан. Ол бұл еңбегі үшін «жұлдызды стоматолог» атағын алған. Оның емделушілерінің қатарында: Элизабет Тейлор, Барбара Стенвик, Фред Астер болған.
  11. Егер қандай да бір себептермен голливудтық фильм режиссеры титрда өз атын көргісі келмесе, режисер ретінде ойлап табылған Алан Смитиды бекітеді. Бұл қағидамен 1968 жылдан бері 20-ға жуық фильм жарыққа шықты.
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close