Жаңалықтаржоғары

Димаш Құдайберген әлемдік турне жасамақ

«I’m Singer» Қытайдағы жобасы арқылы атын әлемге танытқан, ерекше дауысты Димаш Құдайберген әлемдік турне жасамақ. Ол жайлы әнші өзінің инстаграм парақшасында жариялады:

«D-dynasty.WORLD LIVE TOUR. Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де-бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан! (Абай Құнанбайұлы)
Армандар орындалады. Менің алғашқы əлемдік турнемде жүздескенше достар! Қолдауларыңызға рахмет!» — дейді.

Естеріңізге сала кетейік, одан алдын әлеуметтік желілердің бірінде Димаштың Қытайдағы концерті 840 мыңға дейін сатылып жатыр деген қау-өсектер тарап еді, оның рас — өтірігі әзірге белгісіз. Дегенмен, желі қолданушылардың пікірінше, мұндай талантты жанның кеші неше тұрса да, Димаш оған лайық дейді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close