ЖаңалықтаржоғарыПродюсерӘнші

Әуелбекова өзіне жүлде бермеген Жан Мұқановқа қатысты мәлімдеме жасады

Мөлдір Әуелбекова өзіне жүлде бермей қойған «Жыл таңдауы» байқауының ұйымдастырушыларына қатысты пікір білдірді. Жақында ғана «Құрмет» орденімен марапатталған әнші оларға әлі өзін мойындататынын айтты деп жазады 31 арнадағы «Айта берсін» бағдарламасы

Шоу-бизнес жұлдызы өзінің айтарлықтай жұмыс істемегенін айтқан байқау продюсеріне шүйлікті. Ол Жан Мұқановқа қатысты пікірін ашық түрде білдірген.

Оған қоса, Әуелбекова өзі үшін «Құрмет» ордені «Жыл таңдауы» жүлдесіне қарағанды құндырақ екенін жасырмады.

«Таспен атқанды аспен ат деп әке-шешем үйреткен. Сол себепті, бүгінгі мерекелік отырысыма Жан Мұқановты мен шақырдым. Өзі келмесе де, шәкірттері жүр. Еңбек жасамады емес, шын еңбектендім биыл. 2018 жыл мен үшін аса табысты жыл болды. Сахнаға аяқ басқаныма 15 жыл болды. Соған орай, еліміздің барлық ауыл-аймақтарын аралап, жанды дауыста ән кештерін бердім. Оған қоса, басшылық қызметке тағайындалуым бар. Бірінші желтоқсан үлкен концерт бердім. Төрт бейнебаян шықты осы жылда.

Ол кісі көргісі келмеген болар менің еңбегімді. Бастысы халық көріп жатыр. Бұл орден халықтың арқасы. Ал премия деген бір-екі күндік дүние. Қанша премия ашылып, жабылып жатыр. Алайда, мынадай орден тарихта қала береді. Ол мемлекеттік деңгейдегі мәртебе. Қатты қуанғанымнан сондай кісілерді де шақырдым. Мүмкін мен ол кісілердің алдында өзімді дәлелдеуім керек шығар. Ол күнге де жетерміз. Олар да мені мойындайтын болады» , — деп қайырды әнші.

Дереккөз: Nur.kz

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close