Жаңалықтаржоғары

Мейрамбек Бесбаев шығармашылығының 30 жылдық мерейтойын атап өтпек

Белгілі әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі, халықтың сүйіктісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты — Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылығына биыл 30 жыл толуда.

30 жылдықты Мейрамбек ағамыз дүркіретіп, тыңдармандары үшін үлкен кеш беріп атап өтпек екен. Бұл туралы халық әншісі өзі ресми түрде жарияламаса да, инстаграм желісінің белсенді қолданушылары, нәзік дауыс иесі — Мадина Садуақасова әншінің студияда жанды дауыспен екеуі орындайтын «Жаңбырлы күз» әнін орындап отырғанын салып: «Мейрабек ағамыз өзінің үлкен концертіне дайындықты бастады. Енді репетициялардан қалмаймын»,-деген жазбасынан білдік. Одан бөлек, «Ғашық жүрек» фильмінің желісі бойынша ғашығы Мөлдір Әуелбековада дайындық үстінен видео салған-ды. Ал, кештің нақты болатынын  «МұзАРТ LIVE» жобасының жүргізушісі  Нұрсұлтан Есжан өз парақшасына: «Мейрамбек ағамыздың шығармашылығының 30 жылдығына орай өткізілетін кешке дайындық басталды. Республика Сарайы 8-қараша«- деп хабарлаған болатын.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close