ЖаңалықтаржоғарыКино & ТеатрСұхбаттар

«Кейіпкерімнің тағдыры қиын»: Актриса Шолпан Елгезекованың ең соңғы сұхбаты

Өкінішті, бірақ, шындық! 2019 жыл – қазақтың кино және театр әлемі үшін, қайғымен басталды. Актриса Шолпан Елгезекова 45 жасында көз жұмды.

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасы хабарлайды.

Соңғы түскен телехикаясы – біздің арнада жарық көріпті. Сол кезде берген мына сұхбатыда – соңғы.

Шолпан Елгезекова: Менің кейіпкерімнің тағдыры өте қиын

“Жүрек сыры” атты сериалға түскен марқұмның жүрегінде сыр көп еді. Өзі ғана емес, көрермені қалаған рөл – оған ұзақ уақыт бұйырмаған. Тек…

Шолпан Елгезекова:  Көбінесе сериалдарда мен жағымсыз рөлдер ойнайтынмын. Пікірлерді оқыған кезде сұрайтын неге сіз жағымсыз рөл ойнайсыз деп. Енді міне жағымды рөл бұйырып тұр.

Бұған дейін, режиссерлердің оны тек жағымсыз рөлге бекіткені – тегін емес. Ондай образды Шолпан ғана жасап шығара алатынын мамандар білді. Көрерменді әрбір сөзіне, әрбір диалогына, әрбір эпизодқа сендіре алғанына мынандай комментарийлер де – дәлел.

Сол себепті, “Жүрек сыры” телехикаясындағы жаңа образ – актрисаға оңайлықпен берілмеді. Бірақ, бұл жолы да – ол сендірді!

Шолпан Елгезекова: Менің кейіпкерімнің тағдыры өте қиын, бұл жерде ол кейіпкерімді жас кезде алып қашып кетіп, ол бақытты емес, бірақ екі қызы үшін ол соған көніп, отбасын бақытты қылуға тырысады. Мені жақсы көретін көрермендерге менің жағымды рөлім қызық болады деп ойлаймын. Өзіме де қиын болды, жағымсыз рөлдерге төселіп алғаннан кейін, ал бұл жерде мүлдем басқа.

Естеріңізге сала кетейік, Шолпан Елгезекова желтоқсан айының 29 –күні, жол көлік апатынан соң, көз жұмды. Актрисаның жақындарына көңіл айтамыз.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close