Жаңалықтар

Тыңдармандар Жолдыбаеваның жаңа шаш үлгісі үшін қырқысып қалды

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева шаш үлгісін өзгертіп, тыңдармандары осыған қатысты өзара дауласып қалды деп хабарлайды Nur.kz

Соңғы күндері Кәмшат Жолдыбаева жаңа шаш үлгісін қойып, тыңдармандарының алдына мүлдем жаңа кейіпте шыққан еді.

Мұны көрген желі қолданушылары екіге жарылды. Біріне бұл шаш үлгісі ұнамай қалып, оған жараспайтынын жарыса жазды. Ал екіншілері, керісінше, оның шаш үлгісіне қызыға қарап, оны Мэрилин Монроға теңеді.

«Өте стильді әншісіз, басқалардан ерекшесіз», «Мүлдем жараспайды, өтінемін, өзгертіңізші», «Осылай елмен бірдей болып жүре бергенше, өзгерген дұрыс, өнер адамы ерекше болуы керек қой», «Кәмшат, жараспай тұр, бір түрлі қызық болып қалдыңыз», — деп жазды желі қолданушылары.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close