Әнші,Сазгер Ғазизхан Шекербеков:«Тек хит жазамын, себебі ұстазым — Арман Дүйсенов»

Танымал композитор Арман Дүйсенов жетекшілік ететін «Арман» дуэтінің әншісі Ғазизхан Шекербеков бүгін 25 – ке толып отыр.  «Тек хит жазамын, себебі ұстазым — Арман Дүйсенов» деп  өзін таныстыратын бұл жігіт әншілік өнерімен емес, қайта сазгерлік дарынымен ерекшеленеді. Мақпал Жүнісовадан бастап, Нұр-Мұқасан тобының, Қайрат Нұртастың хит әндерінің авторы.

12EcTSfFwOM

Өткенде біраз әншілер өзінің инста парақшасында Ғазизханның жеке кеші өтеді деген ақпарат таратқан болатын. Расымен де жас сазгер, белін бекем буып, осы жылдың мамыр айында әндерін орындап жүрген эстрадамыздың жұлдыздарын шақырып, өзімен бір тандемде жұмыс жасайтын ақын Қуаныш Жаманқұловпен бір кеш өткізбек болған екен. Бірақ уақыттың орайы келмей, Ғазизхан мен Қуаныш мырза жеке кештерін күзге қалдырыпты.

Мүшел жастан аман -есен шыққанын сазгер-әнші жігіт өнердегі ағаларымен, достарымен бірге, кішігірім киіз үйдің ішінде қазақы әдеппен атап жатқан көрінеді.  

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close