Басты жаңалықтарСараптамаларШоумен & Тұлға

Ханшайым Елизавета ІІ туралы деректер

Осыдан бірнеше ай бұрын Ұлыбритания королевасы Елизавета ІІ ел басқару ұзақтығы бойынша рекорд жаңартқан болатын. Әжесі Викторияны басып озған Елизавета Ұлыбританияны 63 жыл басқаруда. Назарларыңызға ханшайым туралы деректер ұсынамыз.

Ханшайымның Ұлыбритания монархтарының ережесі бойынша екі туған күні бар: 21 сәуір – негізгі туған күні және маусымның алғашқы сенбісі. Өзінің туған күнін Албион ханшайымы жақындарымен тойлайды. Ал бекітілген туған күнінде 1748 жылдан бастау алған парадқа қатысып, жалпыхалықтық тойлау болады.

Елизавета ІІ  король отбасынан әскерде болған бірінші, әрі алғашқы әйел. Ол 1945 жылы бес ай көлемінде Ұлыбритания қарулы күштерінің әйелдер көмегі қызметінде борышын өтеген. Сонымен қатар, офицер Елизавета Александра Мария Виндзор механик-жүргізуші болып қосымша батальонда қызмет атқарған. Бұл қызметінде ханшайым авто бөлшектерді жөндеу мен көлік жүргізуді үйренген.

1947жылы 21  жасар Елизавета 26 жасар Ұлыбритания флотының офицеры, грек және дат король отбасының мүшесі Филипп Маунтбеттенге тұрмысқа шықты. Үйленгеннен кейін Филипп Эдинбург герцогы атағын алды.

Ханшайым алғашқы электрондық хатын 1976 жылы Ұлыбритания әскер базасынан жіберген болатын. images (2)

Ханшайымның жұмыс күні сағат 10 да басталып, 23:00 ге дейін жалғасады екен.

Елизавета ханшайым «Тақтар ойыны» және «Даунтон шіркеуі» сериалдарын сүйіп көреді. «Х-фактор» жобасының жаға шығарылымдарын жібермеуге тырасды екен. Сүйікті кино жанры – тарихи.

Ханшайым Джеймс Бондпен бірге жарнамалық роликке түскен.

Елизавета ханшайымның құпия ишаралары бар екен. Егер ол іс-шараларда сөмкесін жерге қойса, 5 минуттан соң кететінін білдіреді екен. Егер сақинасын айналдыра бастаса, зеріккенін айтқаны.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close