Әнші

Жания Джуринскаямен сөз таластырған Алуа Қонарова оған ауыз аштырмады

«Жекпе жектің» дауы таусылар емес. Бағдарлама аясында жүргізушілік қабілетін көрсетем деген Қайрат Нұртас алдыңғы шығарылымнан кейін біраз сын естіген еді. Ендігі кезек — әділ-қазы алқасында. Бірақ, бұл жолы оларды сынаған жоқ, олар сынады. Әрі сол сынау барысында бір-бірімен сөзге келіп қалды.

Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.

https://www.instagram.com/p/Bu3HEg_As1t/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=d4xwgz7qs3au

Жобаның жаңа санында бақ сынаушылар ретінде Луина мен Динара Сұлтан өнер көрсетті. Дегенмен, оларды бағалау барысында белгілі актриса Жания Джуринская мен Алуа Қонарова сөзге келіп қалды. Дәлірек айтсақ, сахна сыртына кеткен Динараны міней бастаған Жанияға Алуа Қонарова ауыз аштырмады. Аталмыш продюссердің айтуынша шығып кеткен әншінің сыртынан сөйлеудің қажеті жоқ. Ол сәтте сахнада тек Луина тұрған еді. Алуа сөйлеуге ұмтылған Жанияны қайтара тоқтатып, айтылатын сынның бәрі әншінің бетіне айтылу керек екенін ескерткендей болды.

Загрузка...
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close