Жаңалықтар

«Бала дауысы» байқауының екінші маусымы өтеді

Республиканың түпкір-түпкіріндегі жас таланттардың бағын ашатын «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының екінші маусымы бастау алды.

Дарын иелері Диснейлендке саяхат жолдамасын және еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордаларының гранттарын иелену үшін бақ таластыратын болады. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарланды.

7-13 жас аралығындағы балаларға арналған «Бала дауысы» ұлттық ән байқауы —  Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының жобасы. Аталған қордың шығармашылық тобы 12 мамыр — 22 маусым аралығында Астана мен Алматы қалаларына және еліміздің барлық аймақтарына барып, іріктеу кезеңдерін өткізетін болады. Алғашқы өңірлік іріктеу 12 мамыр күні Павлодар қаласы, Естай атындағы мәдениет сарайында өтпек. Екінші маусымның Павлодар қаласында басталуы да кездейсоқ емес. Өткен жылы «Бала дауысы — 2016» байқауының бас жүлдесін павлодарлық Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкая жеңіп алған еді.

Іріктеуден өткен еліміздің 16 жас дарыны күзде Алматыдағы «Бала дауысы» ән мектебінде бас қосады. Онда кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне дайындайды.

Байқау финалы 27, 28 және 29 қазан күндері «Алматы Арена» мұз сарайында өтеді. Көрермендер қазақ эстарада жұлдыздарының және байқау финалистерінің қатысуымен өтетін үш кештің куәгері бола алады. Байқаудың ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

  1. мен 2003 жылғымын.Бірақ 13-темІН.Өйткені біршама айы жетпейі.Қатысуыма бола ды ма?.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close