InstaNewsЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Мейрамбек Бесбаев — Қазақстан Орындаушылар одағының төрағасы

Бүгін отандық өнер өкілдерінің ұсынысымен Мейрамбек Бесбаев «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару жөніндегі қоғамның» төрағасы боп тағайындалды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Бесбаев жаңа қызметі жөнінде әлеуметтік желіде көлемді пост жариялап, өзіне сенім артқан қазақ эстрадасының өнерпаздарына алғысын білдірді.

«Қадірлі бауырлар! Құрметті әріптестер, достар! Өздеріңізбен бөлісетін маңызды жаңалығым бар. Бүгін өнерде жүрген барша әріптестерім ұсыныс жасап, бірауыздан дауыстарын беріп, мені  Қазақстан орындаушылар одағы (КОУПИС) басқарма төрағасы етіп сайлады. Біраз жұрт біледі, қазіргі таңда бұл қоғамдық ұйымның қаржылық жағдайы нашар, біраз құрылымдардың алдында қарызы бар, әншілер мен ән өндеушілердің алдында беделі де төмендеп кеткен. Бірлестік тарихындағы осындай ауыр кезеңінде әріптес-достарым мені басшы қып сайлап отырғаны — маған сенгенінен деп қабыдап отырмын. Әрине, мұндай ұйымға жетекшілік ету маған үлкен жауапкершілік артатынын мен жан-дүниеммен жақсы сезініп әрі түсініп отырмын. Мен ешқашан басшылық қызметке ұмтылған адам емеспін. Мұны бір сахнада жүрген әріптестерім мен қадірлі тыңдармандарым да жақсы біледі. Менің мақсатым — ұйымның жұмысын жақсарту арқылы қазақтың төл өнерін дамыту, өнерде жүрген әншілердің құқықтарын қорғап, тиісті шаруаларын шешу боп отыр.
Маған сенім білдірген әріптестеріме мың алғыс айта отырып, болашақтың алдында жүзіміз жарық болу үшін, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын! Бірлік бар жерде, алынбайтын асу жоқ, шешілмейтін мәселе жоқ. Сол себептен, қазақ өнерінің дамуы үшін тізе қосып, бірлесе қызмет етейік демекпін»,
— деп жазды әнші.

«МузАрт» ансамблінің белді мүшесіне бірқатар шоу-бизнес өкілдері қолдау білдіріп, жазба астына жүрекжарды тілектерін жаудырды.                                                                                                                                    Айта кетейік, былтыр Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың штаттан тыс кеңесшісі қызметіне кіріскен. Енді 2020 жылдың қаңтар айынан бастап, өнер иесі Қазақстан орындаушылар одағының басшысы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close