ЖаңалықтаржоғарыӨткенге шолу

Өткенге шолу: «Ордалық» Беделхан мен Оразбеков қазір қайда?

Алғаш рет «Бауыржан шоу» театрының құрамында ағайынды отбасылар Беделхан және Оразбековтердің қосылып ән айтуымен көріне бастаған «Орда» тобы отандық шоу-бизнес тарихында ерекше орнымен есте қалатыны рас. Кезінде алты жігіттен тұрған топ неге квартетке айналды? Ондағы екі жігіт қазір қайда? «Орда» тобының тыңдармандары үшін Жұлдыздар Әлемінен өткенге шолу.

Алдымен топтың тарихына біраз көз жүгіртсек,  атауы 2001 жылдың 1-ші сәуірінде күні дүниеге келеді. Оған дейін ВИА болып жүрген олар, эпизодтық ролдерде ойнап, театрдың музыкалық және би қойылымдарында ғана шыққан. Сол кезден бастап, топтың хореографиялық қойылымдары үшін Ерболат Беделхан жауап берген. Онымен бірге Жанболат және Есболат інілері билесе, Дастан халық әндерін нақышына келтіріп орындайтын. Ал Рүстем театр қабырғасында ашылған актерлік шеберлік студиясының түлегі болып шыға келді.

Иә, бұрынғы топ құрамында Жанболат Беделхан мен Рүстем Оразбеков өнер көрсеткен. Дастан Оразбековтің «Сөккен әңгіме» бағдарламасында өткенге жасаған шолуы бойынша: Үйінің үлкені – кезінде талай қыздардың арманы болған Рүстем қазір жеке шаруасы бар, бизнеспен айналысады. Бір ұл, бір қыздың әкесі. Онымен қоса, Жанболаттың да, Рүстемнің де топтан амалсыздан кеткенін айтады. Оның себебі, шетелде өнер көрсетуге ұсыныс алған Ордалықтарға тек төрт адам бара алады деп шарт қойылған. Үлкендігін көрсеткен ағалары, жол сілтеп, осы құраммен жалғастыруын қалап, топ квартетке айналады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close