InstaNewsЖаңалықтарКино & ТеатрМузыкаПродюсерШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Арман мен Аша екінші мәрте қызды болды

Арман мен Аша екінші рет ата-ана атанды. Жанұясындағы жағымды жаңалықты жеткізген Матай, алғашқы болып жұрттан сүйінші сұрады, деп хабарлайды ShowNews.Kz ақпараттық порталы.

Қоңырбаевтар әулетінде қуанышты хабар. Арман мен Аша екінші ханшайымның ата-анасы мәртебесін еншіледі. Осы уақытқа дейін бүлдіршіннің жынысын жұмбақ күйінде ұстаған отбасының сыры ашылды. Аша әлеуметтік желідегілерден сүйінші сұрап, оқырмандарына ерекше пост жариялады.

«Сүйінші! Алланың қалауымен қазақ еліне + қазақ аруы. Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн! Арман екеуміз тағы да ата-ана атандық. Құдайға шүкір. Барлық жас жұбайларға жұғысты болсын. Құттықтауларыңызға алдын-ала алғысымды білдіремін», – деді Аша instagram парақшасында.

Жұлдызды жұптың қуанышынан оқырмандары да құлағдар. Матайдың постының астына желі қолданушылары ізгі-тілектерін жолдап,  жас отбасына бақыт тіледі.

«Бауы берік болсын! Өзіңізге ұқсаған әдемі қыз болып өссін», «Қандай күшті. Аша, бақытты болыңыздар. Есімін кім қоясыздар?», «Бауы берік болсын! Сіз үшін өте  қуаныштымын», – деді оқырмандары. 

Арман мен Ашаның бүгінгі жаңалығын естіген өнер иелеріде өз құттықтауларын жолдауда. «Құттықтаймын!» – деді Жазира Байырбекова.
«Керемет! Періштелеріңнің бауы берік болсын!» – деді Айдай Исаева.
«Аша, Арман екеyіңді шын жүректен құттықтаймын! Сәбиіңе және өзіңе денсаулық тілеймін», – деді актриса Қарлығаш Мұхамеджанова.


Арман тұңғышының есімін өзі қойған еді. Алайда, екінші бөбектің атын әлі ешкімге тіс жарып айтпады. Бірақ, Матай постының астына #АААА хэштегін қойып, жазбасын қорытындылаған. Сәбидің есімі «А» әріпінен басталса, таң қалмаңыз.
Айта кетейік, Арман мен Аша 2015 жылдың 25 қыркүйегінде отбасын құрған болатын. Бүгінде ерлі-зайыптылардың тұңғыш қызы Асылым үш жастан асқан.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close