Кино & ТеатрСараптамалар

Осы жылы шыққан үздік 10 фильм.

Назарларыңызға көрермендердің көңілінен шыққан үздік 10 фильмді ұсынамыз. Пікір қалдыруды ұмытып кетпеңіздер.

«Рэкетир 2. Возмездие».

Көрермендердің көңілінен шыққан «Рэкетир» фильмі «Рэкетир 2. Возмездие» деп аталып жалғасын тапқан болатын. Басты рөлдегі жігітке тағдыр екінші өмір сыйлайды. Русланның дүниеден өткеніне он жыл өтті, ал оның інісі Була өштенді ойлап, көмекке Саянды шақырады. Жалпы фильм дүниеқоңыз адамдардың қаншалықты жауыз, арам, ессіз болатынын көрсеткісі келген.

Фильмнің режиссері — Ахан Сатаев, сценарийін жазған Тимур Жақсылықов. Фильмде: Дастен Шәкіров, Саян Исебаев, Аружан Жазылбекова, Азамат Сатыбалды, Жан Байжанбаев, Әсел Сағатова, Жанар Дұғалова және т.б өнер тарландары ойнайды.

«Құнанбай».

Ақын Абайдың әкесіне арналған «Құнанбай» көркем фильмі.

«Құнанбай» — Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, өнер ардагері, ұлттық театр және кино актері, режиссер, сценарист, продюсер Досхан Жолжақсыновтың режиссер ретінде түсірген екінші көркем фильмі.

«Келинка Сабина».

Телехикая ретінде көрермендердің көңілінен шығып жүрген «Келинка Сабина», 2015 жылдың басында фильм ретінде жарық көріп, осы жылдың ең үздік фильмдерінің біріне айналғаны белгілі.

Сабина — ауқатты отбасыда өскен қаланың ерке қызы. Араб шейхына тұрмысқа шықпақ болған ол Жүгері ауылының малшы жігітіне алданып, ауылға тап болады. Енді оның бар арманы — үйіне қашу.

Фильмнің жалғасы болады деген сөздер ел ішінде айтылып жүр, фильмнің жалғасының болып, болмауы Нұртас Адамбаевқа байланысты.

«Кенже».

Шал, Келін атты фильмдерінің режиссері, аты шулы Ермек Тұрсыновтың жаңа туындысы «Кенже» фильмі. Фильмде ағайынды екі бауырдың тағдыры суреттелмек. Басты рөлдерде Жандос Айбасов, Айнұр Ілиясова, Эдуард Андер және т.б актерлер ойнайды.

«Қазақша тонау». 

Сюжетте Қытай мафиясынан 10 миллион еуро ұрлап, бастары бәлеге қалған төрт дос туралы баяндалады. Басты рөлдерде: Жандос Айбасов, Аружан Жазылбекова, Ерік Жолжақсынов және де басқа актерлер ойнайды.

https://www.youtube.com/watch?v=aTLN-iIuZ-s

«Өмір ай».

Ауылда бала күннен бір нанды бөле жеген жан достар Еркебұлан, Нариман и Аппақ мектеп қабырғасын тәмәмдап, асқақ арманның жетегінде үлкен қалаға бет алады. Арман қалаға апарар жол бозбалаларды өз ауылдастары, балалар үйінің түлегі Дарханмен таныстырады.
Барлығының үміттері бір, мақсаттары ортақ – Алматыны бағындыру.

«Свадьба на троих».

Биылғы ең үздік фильмдердің бірі «Свадьба на троих» фильмі. Деректер бойынша $350 000 бюджет келген отандық фильм. Фильмнің режиссері — Асқар Бисембин. Басты рөлдерде: Нұртас Адамбаев, Аружан Жазылбекова, Дәурен Айдарқұлов және Дария Александрова ойнайды.

Азамат есімді алаяқтың және оның Тимур есімді бизнесмен досы мен үйленгелі жатқан Әлия есімді қалыңдықтың хикаясы. Той жақындағанда күтпеген бірнеше оқиға қатарынан орын алып, үйлену шарасына қатер төнеді.

«Весь мир у наших ног».

Жас режиссер Саламат Мұхаммед Әлидің  «Весь мир у наших ног» фильмі. Фильм 4 жыл бойы түсіріліп, биыл жарыққа шықты. Жас ару Әлия «Жаным — арымның садағасы» деп қызды таптағандардан өшін алуға бекінеді. Фильмде Қазақстандық, Ресейлік және Америкалық кәсіби мамандар жұмыс жасаған, фильмде Қазақстанның және Американың белгілі актерлері ойнайды.

«Аманат».

Фильмнің басты кейіпкері — 19 ғасырдағы қазақтардың Ресей империясына қарсы күресін ұйымдастырған, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы. Фильмде онымен қоса Бұқарбай батыр сияқты ханның сенімді серіктерінің өмірі көрсетілген. Фильмде бірнеше оқиға параллельді көрсетіледі. Фильмді тамашалау арқылы 19 ғасырдағы Кене хан өмірін және 20 ғасырдағы Кенесары хан туралы зерттеу жүргізген Ермұхан Бекмаханов өміріне саяхат жасауға болады. Фильмді түсіру барысында, Nomad каскадёрлері шайқас эпизодтарына қатысты. Фильм Кенесары хан жайлы фильмдердің алғашқысы болмақ. Бұрында деректі фильмдер түсірілсе де, көркем фильмдер түсірілмеген еді.

«Дорога домой».

Бас кейіпкердің есімі Мақсат, ол  атасынан қалған мұраны алып кету үшін еліне келеді. Ата мен немере — туған болғандарымен, басқа елдерде тұрып, тұрмыстары, өмірге деген түсініктер екі бөлек болады. Мақсат — жас кәсіпкер, бизнестен басқа ештеңені ойлағысы келмейді, ал атасы өмір бойы ауылда тұрып, ауылды көркейту үшін өмір бойы еңбек еткен.Бас кейіпкер еліне оралған уақытта өзі күтпеген келеңсіз жағдайлар мен кездесулер орын алады, елге оралуы оның өмірге деген көзқарасын өзгертеді.

Мақаланы дайындаған Ғалымжан Сәңкібаев.

Кейбір мәліметтер ғаламтордан алынды.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close