InstaNewsЖаңалықтарПродюсерШоу бизнес

«Тәлпіш қатын!» Желіде жарнама жасаған Гүлзира Айдарбекова оқырманынан сөз естіді

Парақшасындағы әрбір пікірге жауап беретінГүлзира Айдарбекова, бұл жолы су жаңа постына жағымсыз жазба қалдырған оқырманымен оңбай сөз естіді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі.

Бүгінде Гүлзира Айдарбекованың инстаграм парақшасында 2 миллионға жуық фолловері бар. Әлеуметік желіде өте белсенді продюсер, әр постына жазылған пікірлердің барлығына барынша жауап беруге тырысады. Желідегілермен жанжалдасатын сәттері де жиі болады. Бұл жолы оның қытығына тиген – хэйтерлері. Қайрат Нұртастың анасы кезекті жазбасын бейтаныс компанияның жарнамасына арнаған. Алайда, Айдарбекованың бұл әрекеті оқырмандарына жақпай қалса керек, жағымсыз пікірлерді қарша боратты.

«Тәлпіш қатын!» — деді продюсердің Байболатов Ермек есімді оқырманы.

Өзіне кереғар пікір білдірген желі қолданушысының сөзін Гүлзира ханым да жауапсыз қалдырмады.

«Неге сіз сияқты майда еркектер көбейіп кеткен, өсектеп отыратын қатынша? Сіздерді көріп, отбасымдағы ер-азаматтарға риза боламын. Осылай өсек теріп отырмайды екен», — деді Қайрат Нұртастың анасы.  

Десек те, продюсердің сөзін қос қолдап құптап, алғысын айтқандардың да қарасы көп.

«Жақсы демалыңыз. Қайтесіз ондай адамдарды. Өзінде болса бере алмайды, өзгеде болса көре алмайтындар ғой», «Дұрыс жауап бердіңіз, Гүлзира ханым», «Дұрыс, әркім өзі біледі қайда жүрсе де. Бізге де жұғысты болсын. Әумин», — дейді Айдарбекованы желіде жақтаған жұрт.  

Айта кетейік, дәл қазіргі таңда Гүлзира Айдарбекова құрбысы Шахизадамен Малайзия мемлекетінде демалып жатыр. Инстаграмда белсенділік танытқан танымал продюсер әр сәтін желіге жүктеп, шекара асса да оқырмандарымен байланысын үзген емес!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close