Q-popБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаПродюсерРепортаждарСараптамаларСауалнамаСұхбаттарСәнШоу бизнесШоумен & ТұлғаЭксклюзивӘнші

Шаш бояп, сырға таққан Ninety One тобы трендте ме?

Кезінде Ninety One тобы іргетасын қалаған q-pop жанрының бүгінде бәсеңсігені анық байқалады. Қоғамда қызу пікірталас тудырған ұжымдардың тарап, тарқап кетуінің себебін Shownews.kz ақпараттық порталы анықтап көрді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын жаңбырдан соң қаптаған саңырауқұлайтай q-pop ұжымдарының қазіргі таңда басым бөлігі жұмысын тоқтатқан. Оны аталмыш жанрдың өкілдері де растап отыр. Сырға таққан серілер сәннен кетті ме, әлде трендте ме?

«Q-pop-тың мәнісін кетіріп тастаған біраз топтар бар. Атын атағым да келмейді. Өнерге көтеріліп аламыз деп, асығыстықпен келе салады. Сондықтан, халыққа жағымсыз ойды қалыптастырып қойды. Көптеген адамның санасында q-pop десе болды, шаштары боялған, құлақтары тесілген жігіттерді ғана елестетеді. Негізі бұл жанр осымен ғана шектелмейді ғой. Бұл жерде үлкен өнер бар, үлкен шығармашылық бар. Q-pop – қазақша поп дегенді білдіреді. Мысалы, оның ішіне Айқын Төлепбергенді де жатқызуға болады. Бұл жанрдың дәурені өтіп жатқан жоқ. Тек сондай ой қалыптасуына, жанрдың дамуына кедергі  болып жүрген топтар бар» , – дейді EQ тобы.

Ал, Crystals қыздары жаңа топтардың пайда болғанына қарсы емес.  Себебі, ұжымдағы арулар саны көбейген сайын, сапаның артатынын жақсы біледі.

«Бастысы q-pop-қа қадам басқаннан кейін, ақырын жүріп анық басу керек. Біздің өзіміз бұл әлемге келгенімізге ұзақ уақыт бола қойған жоқ. Тобымыздың ғұмыры ұзақ болатын шығар деген үміттеміз. Сол үшін жұмыс істейміз. Бізден кейін сахнаға келіп жатқан жас буынға қарап өзімізді шыңдаймыз. Бәсекелестік арқылы дамып келе жатырмыз.  Q-pop-тың дәурені өтіп жатқан жоқ, керісінше біз үлкейіп жатырмыз», – дейді Crystals гелзбенді.

Madmen солистері q-pop болашағына қатты алаңдайды. Дегенмен, аталған жанрдың жандануына бар күш-жігерімізді саламыз деп отыр.

«Q-pop пайда болғанына 4 жыл ғана уақыт өтті. Әзірге тоқтап қалмайтынына сенеміз. Тым боламаса 20-30  жыл өмір сүрсе екен дейміз. Бұл жанрға кейбір топтардың келіп, тағы бірі кетіп жатқаны дұрыс процесс. Ондай барлық өнер түрінде де бар», – дейді Madmen жігіттері.

Q-pop жанрының келешегіне алаңдаған өнерпаздардың кеудесінде үміттен гөрі күдігі көп. Жылдар жылжап, уақыт сырғыған сайын шаш бояп, сырға таққан серілердің дәурені өтетінін сезетін секілді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close