InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Нені қатырдың? Тараз қаласында Бүркітке қойылған ескерткіш көптің қытығына тиді

Тараз қаласының тумасы Жансейітов Айбекке мәрмәр тасқа қашалып есімі жазылған ескерткіш орнатылды. Алайда, жеке парақшасында әкімге алғысын айтып бейнежазба жүктеген Бүркіттің әрекеті оқырмандарына жақпай қалды деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Жамбыл облысындағы мәдениет сарайы алдында ашылған «Әуендер әлемі» аллеясында Бүркітке арналып ескерткіш орнатылды. Бұл қуанышымен әнші оқырмандарымен бөліскен еді. Алайда, желі қолданушылары Айбекті бірден сынға алды.

«Тірі адамға тастан ескерткіш орнатқан біртүрлі екен», «Мен осы түсінбеймін. Қандай еңбек жасады Таразға? Нені қатырды? Бір үлкен жұмыс бітіргендей ескерткіш қойыпты», — деді оқырмандары.

Кері пікір жазып, сынға алғандарға да әнші қарап қалған жоқ. Өз ойын білдіріп, желі қолданушыларына жауап берді.

«Туған жер туралы ән шығарып, халыққа жігер беретініміз үшін, түсінсеңіз!» — деді Бүркіт.

Қарапайым халық ішінен өнер иесін шын жүректен құттықтағандар да кездеседі.

«Біздің мақтанышымыз! Аман болыңыздар! Бауырым, сен лайықсың, құттықтаймын!», — деді Бүркіттің тыңдармандары.

Бұл жаңалықтан Бүркіттің өнердегі әріптестері де хабардар. Ізгі-тілектерін жолдап, әншіні құттықтады.

«Құтты болсын!» — деді Мақпал Жүнісова және Абай Бегей ғаламтор желісінде.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close