ЖайдарманЖаңалықтар

«Жайдарлы Жас Ұлан» жобасы өтеді

22 қазан күні Астанадағы «Қазмедиа» концерт залында «Жайдары Жас Ұлан» республикалық сайысы өтеді. 

Жоба жыл сайын «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ҚР Білім және ғылым министрлігі және республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөсіпірімдер ұйымымен үшжақты меморандум негізінде Астана, Алматы қалалары және облыстардың мектеп оқушылары арасында өткізіліп келеді. Бұл дәстүрлі ойын алдағы жылдары да жалғасын табады деген сенімдеміз.

Сайыстың мақсаты — жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту болып табылады

Кеш сағат 17:00-де басталады.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close