Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

Тұңғышбай әл-Тарази атындағы дәстүрлі фестиваль Тараз қаласында екінші рет өтті

Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай әл-Тарази атындағы дәстүрлі фестиваль Тараз қаласында екінші рет өтті.Осыған дейін республикалық деңгейде өткен фестивальдің ерекешлігі халықаралық деңгейде өтуі. Осы фестивальға Еуропа  елдерінің  атақты театрларыда қызығушылық білдіріп,келіп қатысуға құлшыныс танытты.

1448627523-922

 

Тек қана Польша,Қазан,Ленинград театр ұжымдары  қаржы дағдарысына байланысты келе алмайтындарын айтып,өтініш хаттарын жіберді.Биыл Тәжікстан,Өзбекстан,Қырғызстан және Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры ұатысты.Театрлардың актерлары және режиссерлары  екі күн бойы өз өнерлерін көрсетті.Бұл-өнер жарысы.Мұндай өнер жарысында әр театр өзінің қай деңгейде екенін бақылады.Мәселе бұл жарыста оза шабу немесе қалу емес.Мәселе осы бәйгеде,барлығының үзеңгі қағыстырып қатар шабуында болды.Екі күн қатарынан сахна шеберлері бірнеше номинациялар бойынша сынға түсті.Байқаудың жүйрігін анықтауға,актерлар мен режиссерлардың талант,табиғатын анықтауға қазылық еткендер: Қазақстан Республикасының Халық әртісі,Өнертану кандидаты Тұңғышбай әл-Тарази,Қазақстан Республикасының Халық әртісі,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,профессор,Есмұхан Обаев және өзбектің театр-кино режиссері Александр Гамиров,Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Ш.Айтамтов атындағы сыйлықтың лауреаты Абдықадыров Нұрлан Жалилұлы .

IMG_5907-620x330

Гүлбаршын Думан

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close