Басты жаңалықтарКино & Театр

Ең ұзақ телехикаяларды білеміз бе?

Халық жадында сақталған ұзақ әрі ішпыстырарлық телехикаялар көп пе? Назарларыңызға көп бөлімділігіне қарамастан, жылдар бойы көрермендерін жоғалтпай келген телехикаялар тізімін ұсынамыз.

«Бағыттаушы шам» осы уақытқа дейінгі ең ұзақ сериал болып есептеледі. 15 762 бөлімнен тұратын бұл сериал 1952 жылдан 2009 жылға дейін 236 430 минут, яғни 57 жыл көрсетілген. Егер сериалды қайта көремін десеңіз, ұйықтау мен тамақтануға кететін уақытты есептемегенде 164 күн 4 сағат 30 минутыңызды қажет етеді. Күніне 8 бөлімінен қарап тұрсаңыз да, өміріңіздің 2 жылын алмақ. Телехикая Чикагоның қалашығындағы бірнеше американдық отбасы туралы. Телехикаяның ұзаұтығының басты себебі — оқиға телехикая соңына қарай шиеленісе түсуі. Бұл сериалға Мира Сорвино, Джоан Коллинз, Кристофер Уокен, Руби Ди, Виктор Гарбер сынды танымал жұлдыздар қатысқан. Одна-жизнь-чтобы-жить-сериал

«Бір өмір» атты сериал теледидардан 1968 – 2012 жылдар арасында көрсетілген. Телехикая 11 096 бөлімнен тұрады. 44 жыл көрсетілген бұл сериал Лланвью атты жалған қалашықтағы расизм, нашақорлық сынды жыл сайын шешімін таппай үдей түскен мәселелерді көрсетеді. Дәл осы себептен телехикая «Эмми» жүлдесін жеңіп алды.

 

 

скачанные файлы

1970 жылдың 5 қаңтарында жарық көрген «Менің балаларым» атты сериал 10 712 бөлімнен тұрады. Пенсильванияның қайынды даласының жастары туралы телехикая 2013 жылдың 2 қыркүйегінде аяқталды. Элизабет Тейлор, Аманда Сейфрид, Миша Бартондар қатысқан телесериалда Вьетнам соғысының салдары да назардан тыс қалмаған. Сериал ұзақтығы – 430 күн 32 сағат 3 минут.

kinopoisk.ru

«Бағыттаушы шамнан» кейінгі ұзақ сериалдың қатарында «Жер айналып түскендей» сериалы бар. Сценарий авторы мектеп мұғалімі – Ирна Филиппс. Көгілдір жәшіктен жарты ғасырға жуық уақыт көрсетілген телехикая 1956 жылдың 2 сәуірінде бастау алып, 2010 жылдың 10 қыркүйегінде мәресіне жетті. 13 763 бөлімде түсірілген телехикаяны көруге 573 күн 11 сағатыңыз кетеді. 1985-1978 жылдар арасында АҚШ-тың ең танымал телехикаясы болған. Телехикаяның Нью-Йоркте түсірілгеніне қарамастан, Американың Окдейл қаласында орын алған тұрмыстық проблемалар туралы баяндалады. Сериалдан Мартин Шин, Мэг Райан, Кортни Кокс, Розелин Санчес сынды актерларды көре аласыз.

ser10

Бәрімізге белгілі, аты шексіз әрі шиеленіскен ұғымына айналған «Санта-Барбара» телехикаясы 1984 жылдың 30 шілдесінде көрермендерге жол тартқан. Кэпвеллдер, Локридж, Перкинс және Андраде отбасыларының арасындағы махаббат пен құштарлық туралы сериал 2 137 бөлімнен тұрады. Теа Леони мен әйгілі Леонардо Ди Каприо түскен телехикая кейіпкерлері уақыт өте жер шарының түкпір-түкпіріне таралып, барлығының назарын аудартты. Телехикаямен бірге өсіп, бірге жылағандар қатары аз емес. Тіпті сол кездегі Америка Құрама Штатының президенті Рональд Рейган телехикаядағы кеіпкері көру мүмкіндігінен айырылған актрисаға тез сауығуын тілеп, хат жазған болатын.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close