Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Баян Есентаева жаңа мюзикл түсіруде

«Esentai production»-нан қайта «Shine production»-ға айналған Баян Мақсатқызы Есентаеваның продюсерлік орталығы кезекті фильмдерінің түсіріліміне кірісті. «СиСиТай» деп аталатын жаңа туынды отандық кинематографияда алғашқы рет түсірілмек.Өйткені комедиялық мюзикл жанрын соңғы 40 жыл бойы ешкім қолға алған емес екен.

Ол жайлы продюсер әрі актриса Баян Есентаева өзінің инстаграм парақшасында:«Бұл тарихи сәт. Соңғы 30-40 жылда Қазақстанда ешкім бұл жанрда фильм түсірген жоқ. Сондықтан біз бірінші болып көрмекпіз. Меніңше, ерекше жанрдағы туындының кино әлемінде өз орны болады. Сіздрмен бірге болғаным үшін өте бақыттымын. Мұнда нағыз талантты, ерекше туынды жасайтын жандар жүр. Бәріне сәттілік, сабырлық, махаббат тілеймін. Өйткені, түсіру алаңы – ерекше орын», – деп жазды.

Фильм режиссері Ернар Нұрғалиев. Басты рөлдердеің сомдаушысы продюсердің өзі және жаңа жұбайы, бизнесмен, Тұрсын Алагөзов.

Қос ғашықтармен қатар, фильмде әнші, актриса, Мақсатқызының жобасы — Камшат Жолдыбаева да бой көрсетеді. Баян ханымның өзі осы фильм үшін бірнеше рет образын өзгерткен болатын. Фильмдегі Алиса қазір қызу дайындық үстінде.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close