Басты жаңалықтарЖаңалықтарЭксклюзивӘнші

Жалаңаш Жолдыбаевалар хейтерлерге жауап берді

Әрдайым сынға ілігетін Жолдыбаевалар бұл жолы өздеріне жазылған жағымсыз пікірлер мен хейтерлерге жауап берді, Shownews.kz деп хабарлайды ақпараттық порталы.

Алтынай Жолдыбаеваның әр посты жұрттың қызу талқысында. Инстаграм парақшасына жүктеген жалаңаштанған бейнежазбасы тіпті желідегілердің ашуын оятып, қытықтарына тигендей.
«Есейген сайын ақыл кіреме десем, не көрінді сонша шешініп? Бір күні тыр жалаңаш шығатын шығарсың», «Апалы сіңілі ыңқылдап болды ау. Ән айтып, би билегенде бәрін көрсетіп. Бұл қыздарға не боп барады?» -деді желі қолданушылары.
«Мен пікірлердің басын ашып оқып жатқан кезде жаман екенін көрсем, ары қарай оқымай бірден өшіріп тастаймын. Сондықтан да бір қатты ызаланған кезім болмаған», — деді Алтынай.
Ашық образдарымен халықтың назарына жиі ілігетін апалы-сіңілі Жолдыбаевалардың әрекетіне көңілі толмайтын оқырмандары, олардың ата-анасын айыптап әлек!


«Әкесінен ұялмаса, сендерден қалай ұялсын?» «Әке-шешесі, ағасы, інілері жоқ па, осы Кәмшатты тиятын?Ұялмай ма, не клип мынау?» — деді пікір білдірушілер.
«Ата- аналарымыз көздері ашық білімдері жоғары адамдар. Сондықтан да олар да біледі мұндай адамдар болу керектігін. Жалпы менің бір ойым, сол жаман пікір жазып отырған адамдарға бір күн мүмкіндік берсе сол адам менің орнымда болушы еді», — дейді Жолдыбаева.
Кері пікірлерін жолдайтын хейтерлердің басым бөлігі Алтынайдың шынайы болмысы дәл осындай деп топшыласа керек. Бірақ, бұл бикештің тек сахналық образы ғана.
«Өмірде қандай болса, сахнада да сол ұалыптарын сақтайтын өнер иелері бар, әрине. Бірақ мен ондай емеспін. Ол адамның өзінің таңдауы. Кім не айтса да маған бәрібір. Десін, ойласын, айтсын. Маған бәрібір. Бұл өмірде құдайға шүкір, бақыттымын деп ойлаймын», — деді өнер иесі.
Айтпақшы, кейінгі кездері Кәмшаттан гөрі тұрмысқа шығу тақырыбы Алтынайды жиі мазалап жүр. Тіпті сүйіктісі де бар көрінеді. Таяуда кіші Жолдыбаева ақ келін атанса, таңғалмаңыз.
«Иә, бұйыртса! Менің ойымшатой күні жақындап қалды», — деп қысқа қайырлы әнші.
Бірақ, сылқымды өз қатарластарына емес көбінесе аға көкелермен қосатын көрінеді көпшілік. Алайда, танымал бикештің таңдауы тым басқа.
«Көбісі ойлайды маған қалтасы терең, жасы үлкен ер азаматтар қажет шығар деп. Бірақ бұл менің хикаям емес. Маған жас жігіттер ұнайды. Өзіммен қатарлас», — дейді Алтынай Жолдыбаева.


Сырт көздің сынына жиі ілігетін кіші Жолдыбаеваның жүрек қалауы осындай. Алтынай алдағы уақытта ақ босаға аттап, аналық махаббатты сезінсем дейді.
«Екі балалы болғым келеді. Негізі екі-үш бала деген мен үшін ол кәдімгідей бір керемет сияқты. Шыны керек мен өзімді өте жақсы ана ретінде көремін. Бірақ осыны көріп отырып қазір адамдар күлетін шығар. Біраз адам кері пікірлер жазатын шығар. Бірақ мен білемін қаншалықты қамқоршы екенімді. Қаншалықты мен өзімнің махаббатыммен бөлісе алатынымды», — дейді кіші Жолдыбаева.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close