Басты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаСұхбаттарШоу бизнесӘншіӨткенге шолу

Жыл таңдауы-2019! «Ирина Кайратовна» ұжымы Ерке Есмаханды тақтан тайдырды

«Жыл таңдауы-2019» Ұлттық музыкалық жүлдесі үздіктерді анықтады, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Күні кеше «Жыл таңдауы-2019» ұлттық премиясы өз үздіктерін анықтады. Аталған музыкалық жобада алғашқы марапатты еншілеген Ерке Есмаханға арнайы мүсіншені Бауыржан Байбек табыс етті.

Бұл жолы Еркеге екі бірдей жүлде бұйырған. Алғашқы сыйлық «1001 түн» атты әніне берілсе, келесі марапатқа ютуб желісінде 100 млн қаралым жинаған «Қайда» хит лайық деп танылды. Жыл бойы тынбай тер төгетін әнші әр жетістігінің оңай келмейтінін де жақсы біледі.

«Ешкімге бермей өзім ұстап тұрамын мүсіншелерімді. (күледі) Сондықтан, сіздерге көп рахмет!» — деді сахнада Ерке Есмахан.

Бұл кеште тек өнер иелері емес, оларды дәріптейтін продюсерлер де назардан тыс қалған жоқ. Отандық шоу-бизнеске орасан үлес қосқан Алуа Қонарованың да еңбегі еленді.
«Мен үшін бұл күтпеген жағдай болды. Негізі мені сахнаға, басқа әншілерді марапаттауға шақырған болатын. Бірақ, мүсіншені маған табыс етті. Өте қуаныштымын», — деді Алуа Қонарова

Бұл жолы жеке әншілігіндегі тректері таңдаулылар тізіміне енбесе де, дуэтте жолдары болғандар да бар. Мәди Рымбаев пен Bonapart-тың біріккен жұмысы арнайы марапат алса, Нұржан Керменбаев пен Әділ есімді жас жігіт те үзідктер қатарына ілікті.
«Мүсінше қолымызда. Жыл бойы жасаған еңбегіміз еш кетпеді. Өте қуаныштымыз. Барлығына үлкен рахмет айтамыз!» — дейді Нұржан Керменбаев.

«Көңіл-күй керемет. Бұл біздің ең алғашқы жеңісіміз. Өте қуаныштымыз», — деді Мәди Рымбаев.

Дуэт құрып тыңдарманның қызығушылығын қайта оятқан Бақай мен Азия да арнайы жүлдеге ілікті. «Опмай-опмай» клипі аздаған уақыт ішінде 60 миллионға жуық қаралым жинаған.

«Осы жылдың рекорды «Опмай-опмайға» берілмесе әділетсіз өтетеді деген сөз. Сондықтан ол берілуі тиіс заңдылық болатын», -дейді «Азия» тобының солисі Ербол.

«Жыл таңдауында» отандық эстрада жұлдыздары ғана емес, ТМД-ға танымал әртістер де бой көрсетті. Karsu, TERNOVOY, NAZIMA , FILATOV & KARAS, Burito! Қазақ сахнасында өнер көрсетіп, көрерменнің ықласына бөленген өзге елдің өнерпаздары жүлдегерлер санатында.

«Мен тек ән айтуға келдік деп ойлаған едім. Алайда, бізді осындай сый күтіпті. Қуаныштымын!» — дейді ресей әншісі Burito.

«Өте керемет кеш! Көп халық жиналыпты. Және келген қонақтардың музыканы жақсы көретініі байқалады. Бұл деген қайталанбас сезім ғой», — дейді FILATOV.

«Мен үшін ең алдымен көрерменнің көңілінен шыққаным маңызды. Жанкүйерлерің сенімен бірге өлең айтып, билесе одан артық ештеңе керегі жоқ. Мүсінше де маған тосын сый болды. Анам қуанатын болды», — деді ресейлік әнші TERNOVOY.

Биыл «Жыл таңдауы» жүлдесінен қағылғандардың қатары көп. Мәселен, EQ тобы шығармашылықтарын шыңдауда тынбай тер төккенімен екеудің еңбегі бұл жолы еленбеген.

«Осы жылы көп жұмыс істедік. Сегіз бейнебаян, ән жаздық. Шетелдерге бардық, екі альбомымыз бар. Бірақ, бізге марапат бермегені өкінішті. Бір ән мен бейнебаянмен мүсінше алғандар бар. Құтты болсын! Сендер мықтысыңдар», — деді EQ-лік жігіттер.

KeshYOU тобы жаңа құраммен кезекті мүсіншені еншілесе, былтыр аталмыш топтың құрамында ән салған Балжан Бидаш пен Назым Әбілдина жүлдесіз қалды.

«Мүсінше алған жоқпын. Бейнебаяным кеше ғана шыққаннан болар. Бірақ, келесі жылға жақсылап дайындалып, марапатқа ие боламын», — дейді Назым Әбілдина.

«Жыл таңдауындағы» жүлдегерлер арасында рекорд орнатқан «Ирина Кайратовна » ұжымы. Аталмыш жобаның жігіттері ұлттық премияда үш бірдей мүсіншені еншіледі.

«Үш мынадай мүсінше алу деген күшті. Негізі шыны керек ең бастысы көрермендерімізге, тыңдармандарымызға үлкен алғыс айтқымыз келеді. Құдай қаласа келесі жылы көптеген жобалармен қуантамыз. Келесі жылы барлық мүсіншелерді біз алып кетеміз», — дейді жігіттер.


Музыкалық марапатта 34 мүсіншесінің соңғы екеуі Райм мен Артурға бұйырды. Оралдық жігіттердің «Сәукеле» мен «Симпа» атты тректері таңдаулылар арасында топ жарған.

«Өте қуаныштымыз. Біздің командамыздың барлық мүшесінде мүсінше бар. Шүкіршілік етеміз», — дейді Артур.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close