InstaNewsЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Ерке Есмаханның ұлы республикалық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді

Ерке Есмахан ұлы Мүсілімнің спорттағы алғашқы жетістігімен бөлісіп, желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды ShownewsKZ ақпараттық порталының тілшісі.

Әншінің ұлы Павлодар қаласында өткен республикалық жарысқа қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Мүсілімнің таэквандошылар арасындаға тартысты бәсекеде 1 орын иегері атануына орай анасы Ерке Есмахан Instagram парақшасында жүрек жарды тілегін арнап, пост қалдырған.

«Мен үшін бүгін ерекше қуаныш. Кіп-кішкентай Пішнайым үп-үлкен спортшы боп өсіп келе жатыр. Бүгін Мүсілім Павлодар қаласында өткен таэквандодан республикалық жарыста 1 орын алды. Өмірінде алғаш рет тек өзі жаттықтырушысымен және бір топ спортшылармен басқа қалаға шықты. Әжесі үйде әрең отыр. Павлодар жаққа ұшқысы кеп. Мен жұмыс деп жүгіріп жүрмін. Мүсілімді қолдап, қасына әкесі барды. Менің мақтанышым, кішкентай таэквандистім, Алла жар болсын! Мүсілімнің жаттықтырушы ағайына үлкен алғыс білдіремін», — деді әнші жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, өнер иесі 2011 жылы белгілі журналист Асхат Садырбайға тұрмысқа шығып, көп ұзамай ажырасып кеткен. Бүгінгі таңда ортақ некелерінен туған Мүсілімді нағашы ата-әжесі тәрбиелеп отыр.

Әйтсе де, 2015 жылы екінші мәрте отбасын құрып үлгерген Асхат Садырбай, бұл жолы өзге қалада өткен тартысты додада Мүсілімнің жанынан табылып, жанкүйерлік танытқан. Көп ұзамай танымал жүргізуші желіде тұңғышымен түскен суретін жариялап:

«Бірінші үлкен сайыс, бірінші рет жеке өзінің өзге қалаға шығуы, бірінші орын! Жүлдең құтты болсын, балам! Жауырыны жерге тимейтін жеңімпаз бола бер! Аллаға шүкір, бүгін Павлодарда өткен сайыста Мүсілім 1 орынды жеңіп алды» — деп өз парақшасында жазба қалдырыпты. 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close