Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

Көрермендерді жылататын 5 фильм

Қазақ көрермендерді мұңды, жылататын фильмдерді жақсы көреді. Осыған орай назарларыңызға көрермендерді жылататын 5 фильмді назарларыңызға ұсынамыз!

  1. «Хатико. Ең сенімді дос» — тоғыз жыл бойы қайтыс болған қожайынын күнделікті бір уақытта келіп, станция маңында күтіп жүрген жапондық акита-ину тұқымының иті Хатиконың нақты өміріне негіздеп түсірілген  көркем фильмі. Бұл фильм 1987 жылы түсірілген жапон фильмінің ремейкі болып саналады. Фильмнің сценарийін жазған Стивен Уэйн Линдси. Фильмнің режиссері — Лассе Халльстрём. Басты рөлдерде: Ричард Гир, Джоан Аллен және Сара Ремер. Фильм өмірден алынған.
  2. «Құлдықтағы 12 жыл» — Оскардың бас сыйлығына ие болған фильм. Фильмнің режиссері — Стив Маккуин, басты рөлдерде: Чиватель Эджиофор, Пол Дано. Соломон Нортап отбасын құрған, білімді азамат еді. Нью-Йоркта еңбек етіп жүрген оған әлдекімдер келіп Вашингтонға жұмысқа шақырады. Келгеннен кейін оны ұстап алып, құлдыққа сатып жібереді. Фильм өмірден алынған.
  3. «Сен менің үйімсің» — түрік фильмі. Фильмнің режиссері — Озджан Дениз. Басты рөлдерде: Озджан Дениз және Фахрийе Эвджен. Сүйіктісінің сатқындығынан кейін, Лейла әкесінің жанына көшіп келеді. Лейланың әкесімен ара-қатынасы бұрыннан қиын еді, олар өздерінің мәселелерін шешуге тырысады. Искандер — балалар үйінде өскен жігіт, өмірдегі қиындықтарды бала кезінен сезініп өткен жігіт. Искандер мен Лейланың ара-қатынасы махаббатқа ұласады.
  4. «Жүрекше» фильмі — Корея елінің фильмі. Басты рөлдерде: Ю Сын Хо мен Чон Мин А. Әкелерінің өлімінен кейін, екі баласын анасы тастап кетеді. Қарындасын туған күнінде қуанту үшін ағасы қарындасына күшікті сыйға тартады. Сои күшігінің есімін «Жүрекше» деп атайды. «Жүрекше» өмірінің соңына дейін балаларға адал дос болады.
  5. «Жеті өмір» фильмі — Өмірінде жасаған қателіктері үшін, Бен танымайтын адамдарға көмектескісі келеді. Бірақ Беннің ең қиындығы қатерлі ісікке шалдыққан Эмилині кездестіріп, оған ғашық болғаны. Фильмнің режиссері — Габриэле Муччино, сценарийін жазған — Грант Нипорте. Басты рөлдерде: Уилл Смит және Розарио Доусон.
Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close