ЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

«Жыл таңдауы – 2019» ұлттық жүлдесіне алыс-жақын шетелдерден келген өнер иелері де құр қол қайтпады

Қазақ эстрадасындағы хит әндердің орындаушылары тартысқа түскен музыкалық жобада, бұл жолы Түркия, Ресей, Украинаның жарық жұлдыздары да бақ сынады. Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі тарқатады.

Еліміздегі ең ауқымды телевизиялық музыкалық ұлттық жүлде биыл төртінші мәрте шымылдығын түрген еді. Айта кетейік, аталмыш жоба сахнасында Ресейден келген Cali, Filatov& Karas, Burito, Тernovoy сынды өнер иелері дүйім жұртшылықты әндерімен баурап алды.

 

Сондай-ақ, түркиялық әнші KarSu, украиналық «Kazka» тобы ТМД жастары арасында танымал тректерді орындап, «Жыл таңдауы – 2019» мүсіншесімен марапатталды. Аталмыш жүлденің құрметті қонақтар қатарынан Nazima да табылды. Әнші репертуарындағы тың туындыларын орындап, отандастарын бір серпілтіп тастады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close