ЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Кәмшат Жолдыбаева «Жыл Таңдауы — 2019» ұлттық музыкалық жүлдесінің келесі иегері

Ару аталмыш жобада «Caramel» және «Басым кетті» әндерінің миксын тыңдарманға ұсынып, «Жыл таңдауы» жүлдесінің атаулы мүсіншесімен марапатталды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Кәмшатты отандық эстрада жұлдыздары арасындағы ең еңбеққор әншілердің бірі десек артық емес. Биыл биекш репертуарына бірнеше жаңа ән еңгізді. Тіпті, аталмыш туындыларға бейнебаян түсіріп те үлгерді. Соның бірі «EX-EX»-тің бейнебаяны, бір тәулік ішінде 100 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген. Әнші «Жыл таңдауы — 2019» ұлттық музыкалық премиясында «Caramel» және «Басым кетті» әндерінің миксын ұсынды.
Баян Мақсатқызының орталығынан шыққан Кәмшат жылдың үздік орындаушылары қатарынан көріне білді. Жыл бойы талмай еңбектенген ару аталмыш жүлдеге шын лайықты.

«KeshYou» тобының экс-солисттері Балжан Бидаш пен Назым Әбілдина да ұлттық жүлдеге қатысты. Әнші қыздар биыл аз тер төкпеген. Алайда аталмыш жүлдеде құр қол қайтты. Десе де, кеш барысында Балжан Бидашқа күтпеген тосынсый жасалды. Үлкен экраннан жігіті екеуінің суреттері көрсетіліп, сүйіктісі сахнаның дәл ортасында аруға тұрмыс құруға ұсыныс айтты. Балжан көпшіліктің көзінше «иә» деп келісімін беріп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Ал «KeshYou» тобының жаңа құрамы өткен жылғы жетістіктерін қайталап, «Ұят емес» әнімен үлкен сахнаны бағындырып, атаулы мүсіншемен марапатталды. Музыкалық жүлдеде girlsband ерекше өнер көрсете білді.

«Бізге әлі бір жыл толған жоқ. Әйтсе де, осы уақытқа дейін біраз жұмыстар атқарылды. Ұлттық жүлдені иемденеміз деген сенім көбірек болды. Сондықтан өте қатты қуаныштымыз», — дейді «KeshYou» тобы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close