Кино & ТеатрСараптамалар

Түркияның ең сұлу актрисалары

Бірнеше жылдан бері түрік сериалдары барша қазақ көрермендерінің жүрегін жаулап алғаны белгілі, ал түрік актисалары жігіттердің арманына айналды, өздерінің әдеміліктерімен халықты баурап алған Түркияның ең сұлу актрисаларын назарларыңызға ұсынамыз! 

Демет Оздемир

Фото: en.yeni.mobi
Фото: en.yeni.mobi

«Құлпынай иісі» телехикаясы арқылы қазақ көрермендеріне танылған Демет Оздемир Түркияның Коджаэли деген жерінде дүниеге келген. Үйінің кенжесі. Актриса көптеген жылдар бойы бимен айналысып, ең алғаш Мұстафа Сандалдың бейнебаянында бой көрсеткен.

Деметтің алғашқы түскен телехикаясы «Мен саған құпиямды ашамын/Sana Bir Sir Verecegim» сериалы. Көрермендерге «Курт Сеит пен Александра» телехикаясында Алина рөлін сомдап, таныла бастады. Демет Оздемир — қазіргі таңда Түркияның ең үздік актрисаларының бірі.

Туба Бюйюкюстюн

Фото: yasamhaberleri.com
Фото: yasamhaberleri.com

Түрік кино және театр актрисасы, модель. Актриса 1982 жылы 15 шілде күні Түркияның Стамбул қаласында дүниеге келген. «Doğus» жоғарғы мектебін бітіріп, содан кейін Мимар Синан атындағы бейнелеу өнері университетінде, киім-кишек және сахна көркі суретшісі мамандығында білім алды.

Университетте оқыған уақытта ол белсенді түрде «Pantene», «Maximum Cart», «Kremini», «Molped» сияқты атақты брендтер үшін жарнамаға түсуді бастаған. Аз уақыт ішінде режиссер Томрис Гиритоглуның көзіне ілігеді.

Тубаның алғаш түскен фильмі «Сұлтан Макам» телехикаясы. Осыдан кейін ол «Çemberimde Gül Oya» телехикаясында, «Гюлизар», «Әке мен ұл» фильмдерінде түсті. Тубаның жұлдыздық сәті 2005 жылы «Жөкенің панасында» телехикаясында жанғантұғын. Осы телехикаяда ол Бюлент Иналмен бірге басты рөлді сомдады.

Актрисаның келесі рөлі «Аси» телехикаясы болды. Бұл телехикая 2007-2009 жылдар аралығында бірқатар елде көрсетілді. Мұнда да басты рөлге ие болып, оның серіктесі әйгілі актер Мурат Йылдырыммен бірге түсті. Ал 2010 жылы Туба сыған әйелі Хасрет бейнесінде «Gönülçelen» телехикаясында ойнайды. 2014 жылдан бастап, «Арам ақша мен махаббат» телехикаясында бой көрсетті.
2010 жылдың шілде айында Туба Бюйюкюстюн актер Онар Сайлакқа тұрмысқа шығады. 2012 жылы Мая мен Топырак есімді егіздерді дүние әкелді.

Бергюзар Корель

Фото: www.pinterest.com
Фото: www.pinterest.com

Бергюзар Корель — актриса Хульйи Дарджан мен Танжу Корелдің қызы. Стамбулда дүниеге келген. Бергюзар Корель Сьюзан Бастон мен Озая Феджхтадан актерлік білім алған. Актрисаның алғашқы рөлі «Сынған өмір» телехикаясы болды. 2005жылы «Көкжалдар мекені» телехикаясында Лейла рөлін сәтті сомдап, таныла бастады. Кейін актриса «Мың бір түн» телехикаясында Шехризат рөлін асқан шеберлікпен сомдап шыққаны үшін «Алтын көбелек» жүлдесін жеңіп алды. Осы сериалдан кейін өзімен бірге ойнаған танымал актер Халил Эргенчпен тұрмыс құрғаны баршаға аян.

Фахрие Эвджен

Фото: www.cnnturk.com
Фото: www.cnnturk.com

Түрік кино өнерінің асыл тасы, миллиондаған көрерменнің көзайымы, актриса Фахрие Эвджен дара дарынымен, көз тоймас көркімен сүйсіндіреді. Ол бізге «Шымшық – сайрағыш құс» («Королек –птичка певчая») фильміндегі Фериде рөлімен, «Күзгі жапырақтар» («Листопад») сериалындағы Неджла рөлімен, «Үйім – сен» («Ты, мой дом») фильміндегі Лейла рөлімен таныс.

Неслихан Атагүл

Фото: en.yeni.mobi
Фото: en.yeni.mobi

Танымал актриса әрі модель Неслихан Атагүл Түркияның Стамбул қаласында 1992 жылы 20 тамызда дүниеге келген. Кішкентайынан жарнамалық роликтерге түсе бастайды. Кино әлеміндегі алғашқы аяқ алысы  2006 жылы «Алғашқы махаббат» фильмінен басталады.

Неслихан Атагүл қазақ көрермендеріне «Үзілген жапырақтар» телехикаясы арқылы танылды. Актриса ол телехикаяда «Дениз» рөлін сомдады. Ол 2013 жылы «Стамбул көшелері» телехикаясында «Нериман» рөлін сомдап, телехикаяда актер Қадір Доуглумен танысып, жүре бастайды. Жұлдызды жұп қазіргі таңда үйлену тойына дайындалып жатыр.

2015-2016 жылдар аралығында актер Бурак Озчивитпен бірге «Черная любовь» телехикаясына түседі. Осы рөлінің арқасында актриса «Жыл актрисасы» номинациясын жеңіп алды.

Кейбір ақпараттар kk.wikipedia.orgmassaget.kz сайттарынан алынды!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

3 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close