ЖайдарманЖаңалықтар

Жайдарманшылар Астана әкімінің кубогы үшін сайысқа түспек

11951989_932484646797101_3368078684011313007_n

Қыркүйектің 10 күні Қазақстан КВН Одағы «Конгресс холлда»  Астана қалалық жастар мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Жайдарманның «Астана қаласы әкімінің кубогын» өткізеді. 2009 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан бұл шараға Жайдарман сайыстарының барлық лигаларындағы үздік командалары өнер көрсетеді.

Сонымен қатар сайыста үздік өнер көрсетіп,  I орын алған команда — 500 000 теңгені қалтаға басады. II орын — 300 000 теңге, III орын — 200 000 теңге иеленсе, үздік ойыншыға — 100 000 теңге ақшалай сыйлық табыс етіледі.

Айта кетейік, бұған дейін кубокты «Тараз 2000», «Барыстар», «Арал-АС»,«13 аймақ» секілді танымал Жайдарман топтары иеленген-ді. Ендігі мықтыны ертең 10 қыркүйек күні анықтайтын боламыз.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close